Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Карантин мерзімі ұзартылды

Карантин мерзімі ұзартылды

Дүйсенбі күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі төтенше жағдай мерзімі 11 мамырға дейін ұзартылатынын мәлімдеді. Өйткені осы кезге дейін билік қабылдаған батыл шешімдердің арқасында індеттің жаппай таралуына жол берілген жоқ. Қазір ахуал тұрақталып келеді. Десек те бұл арқаны кеңге жая беруге болады деген сөз емес. Тәжді вирустың екінші толқыны болуы мүмкін екенін ескеріп, үкімет қатаң сақтық шараларды сақтау арқылы карантин режимін жеңілдететін болады. Бірер күн бұрын облыстың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Әлия Әбдіқайымова шектеу шаралары мен карантиннің кейбір мәселелері туралы №11 қаулы шығарды.
Құжатта алдымен халықтың тыныс-тіршілігін қалпына келтіру мақсатында экономикалық жекелеген салалардың жұмысына қойылған шектеуді жеңілдету тапсырылған. Бұның бірінші кезеңі 29 сәуірден басталса, 4 мамыр күні эпидемиологиялық ахуал тұрақталғанға дейінгі екінші кезеңі басталады. Алайда экономикалық, дала жұмыстарымен, шаруашылықпен айналысатын және қызмет бабымен жүргені мөрмен расталған еркін үлгідегі анықтамасы бар азаматтардан басқа жеке көліктердің облыс аумағындағы қозғалысын шектеу ережесі ұзартылды. Авариялық құтқару, жедел медициналық жәрдем, инкассаторлардың үздіксіз жұмыс істеуіне кедергі жоқ. Ал қоғамдық көліктер таңғы сағат 6:00-ден 9:00-ге дейін және кешкі 18:00-20:00 аралығында күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимде жүруге рұқсат етілді.
Аудандарға кіреберісте қойылған блок-бекеттер бұрынғыша жұмыс істей береді. Сонымен бірге ­авиарейстер мен жолаушылар тасымалымен айналысатын ­пойыздар төтенше жағдай аяқталғанша облыс аумағында тоқтай алмайды. Бұл адамдардың бір орынға шоғырланып, індет жұқтырып алмаулары үшін қолға алынған шара екені түсінікті. Сондықтан кәмелет жасқа толмаған балалар мен 65 жастан асқан тұрғындарға жолсеріксіз жүруге, жеткіншектерді кешкі сағат 18:00-ден кейін ойын алаңдарында ойнатуға салынған тыйым өз күшінде қалды. Карантин жеңілдетілді деп той-томалақ жасауға да, қонаққа баруға да ерте. Өйткені Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер төтенше жағдай алынып тастағанға дейін барлық жиындарға қойылған шектеуді өзгерткен жоқ.
Осы кезге дейін қауіпті вирустың таралуына тосқауыл қоя білсек, ол дезинфекция жұмысының ұтымды ұйымдастырылуынан да екенін білген жөн. Өйткені елде ерекше жағдай жарияланғаннан бері бұны іске асыратын коммуналдық қызметкерлер мен әскери бөлім сарбаздары барлық көшелер мен қоғамдық орындарды, мекемелер ішін залалсыздандыруда қажырлылық танытты. Десек те ақ бүркемелі киімділер бұл істерін мамыр айының ортасына дейін жалғастырады.
Әзірге адам көп шоғырланатын сұлулық салоны, ойын-сауық орталығы, қоғамдық монша сияқты көпшілік орындардың жұмыстарын бастауына рұқсат берілмеді. Есесіне шаруашылық және гигеналық заттарды, азық-түлікті гипермаркет немесе басқа сауда орындарынан кешкі сағат 20:00-ге дейін қажетіңізді сатып алуыңызға болады. Жедел даярланатын және мейрамхана тамағын тұтынушылар сағат 22:00-ге дейін тапсырыс беріп, үйге алдыра алады.
Бұдан бөлек көшеде себепсіз жүру мен саябақта серуендеу бұрынғыша құпталмайды. Патрульдік полиция аталған ереженің орындалуын қадағалап, тәртіпке бағынбағандарға шара көретінін ескерте кетейік. Сонымен бірге облыс тұрғындары мен қонақтары ахуал тұрақталғанша бетперде киіп жүруге міндеттелді.
Айта кету керек, “Карантиндік шараларды күшейту туралы” Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 18 сәуірдегі №10 қаулысының күші жойылды. Жоғарыда айтылған ережелер мен тәртіпке бағынып, аты жаман індетті еңсеруге атсалысайық.
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
01 мамыр 2020 ж. 880 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930