Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Карантин: Рұқсат пен тыйым

Карантин: Рұқсат пен тыйым

Бұған дейін елдегі пандемиялық ахуалдың күрделеніп кетуі республикалық деңгейде қаралы күн жариялауға себеп болған. Осыдан соң ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар жауапты тұлғаларға сөгіс беріп, үкімет басшысы Асқар Маминге жағдайды бақылауға алуды тапсырды. Сәйкесінше карантин режимі қайта күшейтіліп, адамдар көп шоғырланатын, вирустың таралу қаупі жоғары орындардың қызметі тоқтатылды. Алғашында ел ішіндегі белгіленген тәртіп екі аптаға жоспарланып, кейін тағы ұзартылды. Ендігі аптадан бастап жұмысы тоқтатылған нысандардың бірқатары қайта тіршілігіне кіріседі.
Негізгі жоспар бойынша оқшаулау режимі келер айдың екісінде аяқталуы тиіс. Ал 3 тамыздан бастап қызмет көрсетуші кәсіпкерлер тұтынушыларына есігін ашады. Оның ішінде ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлеріне асығатын адамдар саны артатыны анық. Сонымен бірге уақыты мен күні шектеулі тәртіптегі сауда желілері, жабық азық-түлік нысандары мен басқа тауарлар ұсынатын нысандар байырғы кәсібіне кіріседі.
Балаларға қызмет көрсететін орталықтардың жұмысы да тұралап қалғаны белгілі. Соның себебінен кішкентай бүлдіршіндердің жазғы демалыста үйде отыруына тура келген. Алдағы уақытта балалардың коррекциялық кабинеттері, білім беру орталықтары, сонымен қатар оларды дамыту орталықтары мен топтық үйірмелер ашылып, бұл олқылықтың орнын толтыратын болады. Бүлдіршіндердің мектепке дейінгі мекемелері де жұмыс істей бастайды.
Бұл карантин өзіне күтім жасауды әдетке айналдырған жұртшылық үшін де оңай болмады. Келешекте осынау қиын сәттерді халық шаштараздар мен сұлулық салондарының жетіспеушілігімен еске алатын секілді. Десек те тамыздың басынан бастап аталған қызмет көрсетуші нысандар клиенттерімен қауышады. Алдағы дүйсенбіден бастап сән салондарының алдында қалың кезек пайда болатын сияқты. Осы күні косметикалық қызмет көрсететін орталықтар, маникюр мен педикюр жасаушы мамандар алдын ала жазылу бойынша жұмысына кіріседі.
Елдегі жағдай бірқалыпты деңгейге жетпейінше жұртты тығыз қарым-қатынасқа түсуге мәжбүрлейтін немесе вирус жұқтыру қаупі жоғары нысандар шектеу шараларын әлі де қатаң сақтауға міндеттеледі. Рұқсат етілмегендер тізімінде жаппай жиналатын бұқаралық шаралар, конференция, көрме, форум сияқты көпшілік іс-шаралар бар. Бұдан бөлек көңіл көтеру орындары, кинотеатрлар мен банкет залдары жұмыс істемейді. Мейрамханалар мен шағын барлар, түнгі және ойын клубтары да тыйым салынған күйде қалады. Спорт сүйер қауым үшін де залдар, фитнес-орталықтар, бассейндер, аквапарк пляждары індет жұқтырушылар саны кемімейінше жабық тұрады. Сондай-ақ діни нысандардың жұмысы қалыпқа келтірілмейді.
Бұған дейін жолаушылар пойыздарының көпшілігі сапарын тоқтатып, қала арасындағы автобустар қатынасына шектеу қойылған еді. Олардың жұмысы жанданатыны туралы әзірге ақпар жоқ.
Айта кетейік, бірер күн бұрын ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин елдегі эпидемиологиялық жағдай мен коронавирус инфекциясына қарсы күрес шаралары туралы Үкімет отырысын өткізген болатын. Ол елдегі эпидемиологиялық жағдайды одан әрі жақсарту жайын айтып, Денсаулық сақтау министрлігінің карантиндік шараларды біртіндеп алу жоспарымен танысты. Үкімет басшысы қазіргі жағдай мен осы айдың қорытындысын ескере отырып, Мемлекеттік комиссияның отырысында бұл жоспар қарастырылып, тиісті шешім қабылданатынын айтты.
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
31 шілде 2020 ж. 513 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 43

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930