Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа оқу жылы қалай болмақ?

Жаңа оқу жылы қалай болмақ?

Үлкен, кіші, ер, әйел талғамайтын індеттің әлі күнге дейін таралып жатқанын айтып бағудамыз. Оның үстіне наурыздан бастау алған төтенше жағдай режимі шілде айына да жетті. Сонымен қатар жақында Мемлекет басшысы шілде айындағы шектеу шараларының оң әсерін одан әрі арттыру мақсатында және Қазақстан мен шекаралас мемлекеттердегі эпидемиологиялық жағдайдың күрделене түсу ықтималдығын ескере отырып, Мемлекеттік коммисияға карантин шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету арқылы тағы екі аптаға ұзартуды тапсырды.
Бұл шешіммен келіспеске болмас. Өйткені мұның барлығы елдің қамы, дертті жеңудің ұтымды тұсы екені анық. Дегенмен айтпағымыз бұл емес. Біз қозғайтын мәселе оқу жылын онлайн түрде тәмамдаған шәкірттердің алдағы жай-күйі. Жаңа оқу жылында қандай өзгешеліктер болмақ? Осы турасында сөз қозғамақпыз.
Жаңа оқу жылы шалғайда орналасқан шағын жинақты ауылдық мектептерді қоспағанда, өңірдің барлық мектептерінде қашықтан оқыту форматында басталады екен. Дегенмен ата-аналар өтініш білдіретін болса 1-4 сынып оқушылары үшін арнайы «кезекші сыныптар» ашылмақ. Алайда ондағы оқушылардың саны 10-15-тен аспауы қажет. Сондай-ақ санитарлық талаптарды қатаң түрде сақтауды міндетті түрде ескеру керек. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова мәлімдеді.
– Биыл аймақтың 243 мектебінде оқушылар сабақты қашықтан оқиды. Аталған бағыттағы оқытуды ұйымдастыруда оқушылардың электронды құрылғылармен, интернетпен қамтылуына сараптама жүргізілді.
Оқушылардың қажеттілігіне қарай компьютер, планшеттер берілетін болады. Бірінші кезекте әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілетін отбасылар, көп балалы отбасының балалары қол жеткізеді. Осы ретте басқарма тарапынан мектеп балансындағы компьютері жоқ мұғалімдер саны анықталуда. Облыстық мұғалімдер кәсіподағының демеушілігімен 300 мұғалім электронды құрылғымен қамтылады, – деді Ақзира Бақтыбайқызы.
Айта кетейік 18 мың педагог қашықтан оқытуға байланысты 17-22 тамыз аралығында арнайы онлайн курсынан өтеді.
Індет балалардың мектеп қабырғасында жүріп, білім алуына кедергі келтіріп тұр. Дегенмен берілген тапсырма осылай. Олар қашықтан оқу арқылы тәртіпке бас иетін болса, өткінші кезеңнен дін аман өтетініне сенім мол.
А.БАҚЫТҰЛЫ
31 шілде 2020 ж. 659 0

Ел өзегі – мемлекеттік тіл

24 желтоқсан 2024 ж. 26

Өнегелі өмір өрнегі

24 желтоқсан 2024 ж. 28

Басты мақсат – халық игілігі

24 желтоқсан 2024 ж. 26

ЖАРҚЫРА, ШЫРША ШАМДАРЫ!

24 желтоқсан 2024 ж. 24

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031