Жаңа оқу жылы: Кімдер қалай оқиды?
Көптің көкейінде жүрген сауалдың бірі – «Жаңа оқу жылы қалай болады? Оқушылар қалай оқиды?» Расында да бұл кез келген адамды толғандыруы тиіс мәселе. Бала біздің болашағымыз, елдің ертеңі. Олардың білімді болып өсуі басты талап. Осы ретте елдегі ахуалға байланысты оқу процесі қалай болады, сала мамандары не дейді?
Соңғы мәліметтерге сәйкес, жаңа оқу жылының бірінші тоқсанында шалғайда орналасқан шағын жинақты ауылдық мектептерді қоспағанда, елдегі барлық білім ордаларында 1-11 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматында оқиды. Бастауыш сынып ата-аналарының өтініші бойынша ахуал жақсарған жағдайда қатаң санитарлық шараларды сақтай отырып, кезекші сыныптардың жұмыс істеуіне мүмкіндік беріледі. Бұдан кейінгі жоспар ауру деңгейінің тұрақты төмендеуіне байланысты. Яғни жағдай белгілі бір қалыпқа түссе мектептерде аралас және штаттық форматта оқытуға көшірілу жүргізілмек.
Сонымен қатар ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бірінші тоқсаннан кейін дәстүрлі оқу режиміне көшкен жағдайда мектеп формасын алу туралы талап қойылмайтындығын мәлімдеді. Қашықтан оқыту форматында педагогтарға ең біріншіден, IT технологиясы, интернет платформасы, интернет жүйесімен жұмыс істей білу керектігі басты талап ретінде қойылды.
Тағы айта кетер жайт, білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау Egov.kz электронды үкімет порталы арқылы онлайн жүзеге асуда. 1 сыныпқа баратын оқушылардың құжаты 1 тамызға дейін қабылданады. Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады. Құжаттар мектептің қызмет көрсету аумағында алғашқы үш өтініш берушіден, одан кейін басқа шағын учаскеден 1 өтініш берушіден 3:1 қағидаты бойынша қабылданады. Медициналық анықтамалықты алу бойынша туындап жатқан қиындықтарға байланысты оны білім беру ұйымдарына оқу жылы басталғанға дейін тапсыруға мүмкіндігіңіз бар.
Жоғарыда аталған мәселеде ата-аналардың ойы екі тарапқа бөлінгені рас. Бірі құп көрсе, енді біреуі онлайн оқытудың машақаты көп екенін тілге тиек етті. Әсіресе алғаш мектеп табалдырығын аттайтын 1 сынып балаларына қиындықтың туары сөзсіз. Осы ретте оқушы, ұстаз, ата-ана үштігінің жұмыла жұмыс істеуі үлкен нәтиже берерін естен шығармаған жөн.
1 қыркүйек – Білім күнін әркім асыға күтеді. Уақыт жақындаған сайын базар іші бала жетектеген ата-анаға толады. Бірі, ақ көйлек киіп көріп жатса, енді біреулер бүлдіршінге бантик таңдап әлек болады. Оқу-құралдарын сататын сөрені қаумалағандар қажетіне қол созып, қызу сауда жүреді. Әрине мектеп формасын киіп, сыныптастармен ойнап-күліп, сыңғырлаған қоңырау үнін естіп, ұстаз алдында білім алғанға не жетсін! Алайда биылғы оқу жылы бұрынғыдан өзгерек басталғалы тұр. Себебі, сақтық керек. Бұл күндер де артта қалып, білім ордаларының ауласындағы шәкірттердің шат күлкісіне, мұғалімдердің қарбалас тірлігіне куә болар сәттің де келеріне сенейік.

Ұлболсын ЕРБОЛҚЫЗЫ