Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

Президент қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Жеңістің 75 жылдығымен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Құрметті отандастар!

Баршаңызды Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мерейлі мереке қанқұйлы жауды күйрете жеңіп, туған жерін қорғап қалған әкелеріміз бен аталарымыздың өшпес ерлігін дәріптейді.
Қазақстандықтар қиын-қыстау кезеңде батырлық пен жанқиярлықтың жарқын үлгісін көрсетті. Майданға аттанған 1 миллион 200 мың азаматымыздың жартысы елге оралған жоқ.
Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Леонид Беда, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Иван Павлов, Бауыржан Момышұлы, Сағадат Нұрмағамбетов, Мәлік Ғабдуллин, Хиуаз Доспанова, Рақымжан Қошқарбаев және басқа даңқты батырларымыздың есімдері мәңгі есте сақталады.
Соғыс жылдарында Қазақстанға көшірілген жүздеген өндірістік және өнеркәсіптік кәсіпорындарда мыңдаған отандасымыз еңбек етіп, Ұлы Жеңісті жақындатуға үлес қосты. Әрбір он оқтың тоғызы Қазақстанда өндірілген қорғасыннан құйылды. Ауыл халқы жауынгерлерді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін аянбай тер төкті.
Біз ержүрек аға буынның алдында мәңгі қарыздармыз. Олардың қайсарлығы мен төзімділігінің, табандылығы мен патриоттығының арқасында бейбіт заманда өмір сүріп, жарқын болашағымызға жол аштық.
Биыл мереке күні өзгеше ахуалға тұспа-тұс келсе де майдангерлердің ешбірі елеусіз қалған жоқ.
Ардагерлерімізге мықты денсаулық және бақ-береке тілеймін!
Елімізде әрдайым бейбітшілік пен тыныштық болсын!
08 мамыр 2020 ж. 775 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 149

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 132

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031