Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада оқушылар үзілісте асық ойнайды

Қызылордада оқушылар үзілісте асық ойнайды

Қызылорда мектептерінде оқушылар үзіліс кезінде асық ойнайтын болды. Алдағы уақытта мектептерде асық ойыны үйірмесі жұмыс істей бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Осыған орай облыс орталығында орын тепкен №235 Көмекбай Қаракөзов атындағы орта мектепте тұсаукесер рәсімі жасалды. Бұл шараның аталмыш мектепте өтуінің себебі бар. Оқу ордасында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Райхан Наукеев бұрыннан өрендерді асық ойынына баулып келеді. Ендігі кезекте ұлттық құндылықты ұрпақ бойына дарыту қаланың барлық мектебінде жүргізіледі.
«Мен бұған қуаныштымын. Асық ойынының сырына әлі күнге дейін толық үңіле алмай жүрген секілдіміз. Әйтпесе, оның пайдалы қасиеттері көп емес пе? Бастысы, ұлттық ойын шеберлікке, мергендікке, батылдыққа баулиды», дейді Р.Наукеев.
Тұсаукесер рәсімінен кейін қаладағы 10 мектептен келген өрендер асық ойынынан кейін өзара бәсекеге түсті. Тіпті, ұстаздар да тартысты сайыс көрігін қыздырды. Бұл шараға республикалық асық ату федерациясының атқарушы директоры Жомарт Сабыржанов қатысты.
07 наурыз 2018 ж. 2 780 0

Сенбідегі серпін

01 сәуір 2025 ж. 182

Сыр перзенті

01 сәуір 2025 ж. 168

Кеудесін оққа тосқан

01 сәуір 2025 ж. 161

Tik-Tok тәлім бере ме?

01 сәуір 2025 ж. 172

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930