Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Төтенше жағдайға дайындық жүргізілді

Төтенше жағдайға дайындық жүргізілді

Қазалы қаласы мен Абай ауылында көктем мезгіліндегі төтенше жағдайды жоюға азаматтық қорғау қызметтері мен құрылымдарының әзірлігін тексеру мақсатында «Көктем – 2020» республикалық командалық-штабтық арнайы-тактикалық оқу-жаттығуы өтті. Бұған медициналық қызметтен 3, сауда қызметінен 2, инженерлік қызметтен 11, жануарлар мен өсімдіктерді қорғау қызметінен 3, байланыс қызметінен 2, көлік қызметі 8, төтенше жағдайлар бөлімінен 1 техника, барлығы 70 адам жұмылдырылды.
Оқу жағдайы барысында 2020 жылдың 25 ақпан күні сағат 15:00 Абай ауылының тұрғынынан №9 Өрт сөндіру бөлімінің байланыс бекетінің «112» телефон нөмеріне Қазалы ауданы, Абай ауылының тұсында Сырдария өзенінің оң жағалауындағы қорғаныс бөгетінің бұзылғандығы туралы ақпарат түсті. Анықталғаны – Абай ауылынан төмен қарай 3 шақырым жерде орналасқан Абай елді мекенінің тұсында Сырдария өзенінен сең жүру кезінде мұзды кептеліс орын алып, салдарынан Сырдария өзенінің оң жақ қорғаныс бөгетінің 10 метр бөгеті бұзылып, аталған елді мекенде су басу қаупі туындады. Осы орайда жедел іске көшкен №9 өрт сөндіру бөлімі байланыс бекетінің радиотелефонисті қызметтерді құлақтандырып, оқиға орнына жіберді. Лезде авариялық-құтқару қызметтері аталған тұсқа жиналды. Қоғамдық тәртіпті сақтау тобы күштерімен қоршалып, күзетке алынды. Төтенше жағдай аймағында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етіліп, тұрғындар эвакациялау кезінде автобустарға мінгізілді.
Құрылыс бөлімі Абай елді мекеніндегі қорғаныс бөгеттерін нығайту жұмыстарын жүргізді. Тұрғындар мен материалдық құндылықтарды эвакуациялау жұмыстары жүріп, жергілікті атқарушы органдар Абай ауылындағы №90 мектеп ғимаратында эвакуациялық жинақтау және Қазалы қаласындағы №95 орта мектеп ғимаратында эвакуациялық қабылдау пункті дайындыққа келтірілді.
Абай ауылының тұрғындары эвакуациялық жинақтау және қабылдау пункттеріне арнайы көлікпен тасмалданды. Жануарлар мен өсімдіктерді қорғау қызметі Абай ауылындағы үй жануарлары мен малдардың есебін жүргізіп, қосымша жем-шөп қорын нақтылады. Сауда қызметі эвакуацияланған тұрығындарды азық-түлікпен қамтамасыз етті.
Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі төтенше жағдайларды жоюға жұмылдырылған азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдарынының ақпаратын дағдарыс жағдайында басқару басқармасының жедел кезекшісіне баяндап штаб жұмысын жүргізді.
«Көктем – 2020» республикалық командалық-штабтық арнайы-тактикалық оқу-жаттығуына аудан әкімінің орынбасары, штаб басшысы Ғалымжан Еркебай қатысты.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
26 ақпан 2020 ж. 1 029 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 148

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 152

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 166

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031