Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоғызқұмалақтан топ жарды

Тоғызқұмалақтан топ жарды

Ақберен Бақытберген – Ғ.Мұратбаев ауылындағы №91 орта мектептегі 4 сыныптың үздік оқушыларының бірі. Оның күнделікті сабақпен бірге қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалаққа қызығушылығы орасан зор. Бастауышта оқыса да осы спорт түрінен ғылыми жоба жұмысын дайындады.
Тоғызқұмалақтың қыр-сырын зерттеп, математикалық моделін толық нұсқада көрсете білді. Жас зерттеуші ойынды ауылда дамыту жолдарын көрсетіп, спорт кешенін ашуға ұсыныс жасаған.
Ол «Зерде» ғылыми жоба сайысының аудандық кезеңінен бірінші орын алып, облыстық байқауға қатысты. Облыстан да жеңімпаз атанып, Көкшетау қаласында өтетін республикалық додаға жолдама алды. Ақберенге ғылыми жоба жазуда бағыт-бағдар беріп, өз үлесін қосып жүрген жетекшісі және алғашқы ұстазы Ұлтуған Құлмаханованың еңбегін атап өткен жөн.
Қаракөз ЕРМЕКБАЕВА
19 қаңтар 2020 ж. 1 205 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031