Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысы тағы да үздік облыс

Қызылорда облысы тағы да үздік облыс

Жеті қазынамыздың бірі Ит жылы -2018 жыл Сыр өңірі үшін берекелі де жемісті жыл болды.

Кеше Алматы қаласында Қазақ Спорт және Туризм академиясы мен "Спорт жұлдыздары" республикалық журналының ұйымдастыруымен "Жыл үздіктері - 2018" номинациясының жеңімпаздары марапатталды. Онда қызылордалықтар бірнеше номинация бойынша жеңімпаз болды.

Атап айтсақ:
"ҮЗДІК СПОРТҚА ЖАНАШЫР ОБЛЫС ӘКІМІ" номинациясы бойынша Қызылорда облысының әкімі КӨШЕРБАЕВ ҚЫРЫМБЕК ЕЛЕУҰЛЫ жеңімпаз деп танылды.

"ҮЗДІК СПОРТ БАСҚАРМАСЫ" номинациясына ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫ (басқарма басшысы АКИМОВ ОЛЖАС АЗАТҰЛЫ) ие болды.

N2 ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДАЛЫҚ РЕЗЕРВ МЕКТЕБІ "ҮЗДІК СПОРТ МЕКТЕБІ" (директоры МЕҢДИЯРОВ АСҚАР ТАНАБЕКҰЛЫ) атанды.

Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы ШОҢҒАЛОВА ЛАУРА КЕНЖЕБЕКҚЫЗЫ -2018"ҮЗДІК БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ" номинациясымен марапатталды.

«ҮЗДІК АУДАНДЫҚ СПОРТ ӘДІСКЕРІ – 2018» номинациясының иегері - Жаңақорған аудандық білім бөлімінің әдіскері ОРАЛБЕКОВ ҚАЙРАТ ПӘЙІЗҰЛЫ.

Сонымен бірге, жерлестеріміз «ҮЗДІК СПОРТ ЖАНАШЫРЫ – 2018» жеңімпазы – САДЫҚ ШОҢМҰРЫНҰЛЫ МҰСТАФАЕВ (Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігі, Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бас директоры) және «ҮЗДІК СПОРТҚА ЖАНАШЫР КОЛЛЕДЖ 2018» номинациясында – Тараз «Парасат» колледжі (директоры ИМАНДОСОВА БАҚЫТГҮЛ САМҰРАТҚЫЗЫ) жеңімпаз атанды.

Марапаттарды спорт саласының майталмандары ДӘУЛЕТ ТҰРЛЫХАНОВ, ЕРМАХАН ИБРАИМОВ, ҚАНАТ ИСЛАМ табыстады.

БҰЛ ЖЕТІСТІККЕ ҚАЛАЙ КЕЛДІК?

ҚЫСҚАША АЙТСАҚ: Елбасының Жолдауында спорт саласын, бұқаралық спортты дамытуға байланысты айтылған тапсырмалар аймақта өз деңгейінде атқарылып келеді. Биыл облыстық бюджеттен 7 елді мекенде спорт нысандары пайдалануға берілсе, мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында 9 жоба іске қосылды. Спорт мектептерінің материалдық техникалық базасын нығайту мақсатында қала, аудан мектептеріне 8 автокөлік алып берілді. Сондай-ақ, спорт басқармасының бағынысындағы мекемелер спорттық құрал жабдықтармен (бокс рингі, күрес кілемдері, татами, даянг, ауыр атлетика штангасы, тұғыры және т.б.) қамтамасыз етілді. Осындай жұмыстардың арқасында Сыр спортшылары биыл Қазақстан, Азия, Әлем чемпионаттарында 1 500 медаль жеңіп алды.

Қызылордада "Ұлттық және ат спорты түрлері бойынша" спорт клубы және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған спорт клубы ашылды.

Өңірде спорт саласын дамыту және нығайту бойынша 2019-2021 жылдарға арналған Жол картасы қабылданды.

Спортты дамытудағы жұмыстардың барлығы облыс әкімінің тікелей қолдауымен жүзеге асырылып жатыр.
Айгүл САҒЫМБАЙ
23 желтоқсан 2018 ж. 1 657 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930