Облыстың спорт саласы үздік деп танылды
Алматы қаласында Қазақ спорт және туризм академиясы және республикалық "Спорт жұлдыздары" журналының ұжымы "Жыл үздіктері - 2018" номинациясының жеңімпаздарын анықтады.
Олардың қатарында қызылордалықтар бірнеше номинация бойынша биік тұғырдан көрінді. Атап айтқанда, "Спортқа жанашыр үздік облыс әкімі" номинациясына облыс әкімі Қырымбек Көшербаев лайық деп танылды.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы (басшысы – Олжас Акимов) – «Үздік басқарма», басқарманың баспасөз хатшысы Лаура Шоңғалова – «Үздік баспасөз хатшысы", облыстық олимпиадалық резерв мектебі (директоры – Асқар Меңдияров) – "Үздік спорт мектебі", Жаңақорған аудандық білім бөлімінің әдіскері Қайрат Оралбеков «Үздік аудандық спорт әдіскері» атанды.
Сонымен бірге, жерлесіміз, ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бас директоры Садық Мұстафаев «Үздік спорт жанашыры» атағын иеленді.
Марапаттарды спорт саласының майталмандары Дәулет Тұрлыханов, Ермахан Ибраимов және Қанат Ислам табыстады.