Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Баспанамен қамтудағы бастама

Баспанамен қамтудағы бастама

Алдағы уақытта Қазалы ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі тапсырыспен біршама жұмыстарды іске асыруды көздеп отыр. Атап айтқанда, Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласы аралығынан 2 қабатты 12 пәтерлік 12 жалдамалы тұрғын үй құрылысын бастайды. Бөлім тарапынан жоба-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Бір үйдің жалпы алаңына бір бөлмелік – 4, екі бөлмелік – 2, үш бөлмелік – 6 пәтер салынбақ. Тұрғын үй орталықтандырылған бу қазандығы мен газ отыны арқылы жылытылады.
Аталған жобаны қаржыландыру мақсатында Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне бюджеттік өтінімдер тапсырылды. Енді 2020 жылға қаржы бөлу жоспарлануда. Қаржы мәселесі шешілсе, тұрғындарды баспанамен қамтамасыз етуге арналған игі бастама жүзеге асырылатын болады. Бұл жобаға 2011545,5 мың теңге бөлінеді деп күтілуде.
Сонымен қатар Бозкөл ауылынан 90 орындық балабақша салу жүзеге асырылады. Сала мамандарының мәлімдеуінше, Майлыбас ауылдық округіне қарасты Ақсуат ауылында 150 орынға арналған ауыл клубын тұрғызу жоспарда бар. Сондай-ақ Әйтеке би кентінен құны 197000,0 мың теңгені құрайтын 1 қабатты 4 пәтерлік 10 жалдамалы тұрғын үй құрылысы басталмақ. «Аймақаш» мөлтек ауданынан салынатын тұрғын үйлерді инженерлік инфрақұрылыммен қамту, яғни ауыз сумен, табиғи газбен, электрмен жабдықтау, жол салу қолға алынады. Бұған 263024,0 мың теңге қаражат қарастырылған. Бұдан бөлек жаңа жер учаскесіне кезекте тұрған 700-ден аса Қазалы қаласының тұрғынына арналған тиісті алаңды инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
02 қараша 2019 ж. 984 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 87

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930