Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Байрақты бәсеке басталды

Байрақты бәсеке басталды

Биыл Мемлекет және Қоғам қайраткері Елеу Көшербаевтың туғанына 90 жыл. Осы ретте дүйсенбі күні іргетасын Елеу Көшербайұлы қалаған «Жеңіс» паркінде дәстүрлі грек-рим күресінен XIV халықаралық турнир жалауын көтерді.
Айтулы додаға Тәжікстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан секілді елдер мен Нұрсұлтан, Алматы, Шымкент, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарынан балуандар келді.

Байрақты додаға қазақ күресінің аңызына айналған олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров, Азия күрес қауымдастығының президенті, Қазақстанға еңбек сіңірген жаттықтырушы Дәулет Тұрлыханов, Қызыл­орда облысы әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов, «Қазалы ауданының құрметті азаматы» Айтбай Көшербаев, қоғам қайраткері Самұрат Имандосов қонақ ретінде қатысты.
Салтанатты жиынды аудан әкімі Мұрат Ергешбаев ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

– Ел мүддесі жолындағы елеулі үлестер жастардың қолымен жасалады. Ел үшін жан аямаған бабаларымыз бізге таусылмас дәулет, сарқылмас мұра қалдырды. Біз соларды жас жеткіншектің санасына берік ұялатуымыз қажет. Бұл орайда өрендердің өр рухына ие болу мақсатында көптеген игі шаралар атқарылып келеді. Солардың бірі – Қазалы ауданында дәстүрлі мемлекет және қоғам қайраткері Елеу Көшербаевты еске алуға арналған жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен өткізілетін халықаралық турнир. Журналистік саладан ауданның бірінші хатшылығына дейін көтерілген Елеу Көшербаевтың жүріп өткен өмір жолы бүгінгі ұрпаққа өнеге. Ол Қазалы, Қармақшы, Сырдария аудандарын басқарған уақытта ең алдымен халықтың келешегін ойлап қайсарлықпен жұмыс жасады, – деді аудан басшысы.

Мұнан соң қадірілі меймандар арасынан облыс әкімінің орынбасары Н.Байқадамов жылы лебізінін арнап, Елеу Көшербаевтың ұлы, Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев пен Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың құттықтау хатын оқып берді.
Келесі кезекте Қазақстан Респу­бликасының Еңбек Ері, Олимпиада және Әлем чемпионы Жақсылық Үшкемпіров:

– Елеу ағамыздың елге істеген ерен еңбегі ел жадынан өшпейтіні белгілі. Осындай ірі көлемдегі жарыстар арқылы ұлттық спорт дамып, келешек буынның рухы артып, қайсарлыққа тәрбиеленетіні айқын. Қазақтың, Қазалының жігіттері көк байрағымызды көтеріп, гимнімізді шырқатса, біздің де мерейіміз өсетініне кәміл сенімдімін. Қазалы топырағы киелі әрі қасиетті екені көпке аян. Бұл арада түрлі ел қорғаған батырлардың кіндік қаны тамған. Кейіннен өзімізбен бірге үзеңгілес болып, Кеңес Одағының құрамасында күрескен Қуандық Бәкенов те көз алдымызда. Ол кісілер де осы жердің спортын биік белеске көтергенін білеміз. Қорыта айтқанда бүгінгі боз кілемнің бәсекесіне қатысқалы отырған палуандарға сол ағаларымыздың жолын беріп, сәттілік серіктері болсын, – деген ағалық ақ тілегін жеткізді.

Сонымен қатар грек-рим күресінен КСРО-ның жеті дүркін чемпионы, Әлем кубогының иегері, әлем, олимпиада ойындарының жүлдегері Дәулет Тұрлыханов, «Құрмет», «Парасат» орден­дерінің иегері, «РЗА» АҚ-ның президенті Самұрат Имандосов жарыстың жоғарғы деңгейде өтуіне тілектестігін білдірді.

Есет ТАБЫНБАЕВ
08 қазан 2019 ж. 1 373 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930