Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Жомарт жүрек» номинациясының жеңімпаздары марапатталды

«Жомарт жүрек» номинациясының жеңімпаздары марапатталды

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында қоғам жұмысына белсене атсалысып, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосқан ұйымдар мен азаматтар «Жомарт жүрек» номинацияларымен марапатталды.

Салтанатты шарада аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Жарылқағанов «Жомарт жүрек» номинациясының жеңімпаздарын арнайы сертификат және статуэткамен марапаттады.

«Жомарт жүрек» сыйлығы 5 номинация бойынша табысталды. Оның алғашқысы «Жыл меценаты» номинациясы. Ол туған жерінде ірі әлеуметтік жобаларды іске асырғаны үшін, аз қамтылған, көп балалы жанұяларға, ата-ананың қараусыз қалған жетім балаларға, зейнеткерлерге қайтарымсыз көмек көрсеткені үшін «Асыл Иман Ихсан» қайырымдылық қорының төрағасы Сәбит Аралбаевқа табысталды.
«Жанқожа батыр» мешітінің бас имамы Берік Сүлейменовке ауданымызда әлеуметтік маңызы бар жобаларды, қайырымдылық акцияларды тиімді жүзеге асырғаны үшін «Жылдың үздік ұйымы» номинациясы табысталды.

Ал, Тапа елді мекенінің тұрғыны Аманжол Жұмабеков «Туған өлке» номинациясымен марапатталды. Аманжол Жұмабеков 1969 жылы Тапа елді мекені маңынан ине құятын қалып және бірнеше тастан жасалған бұйымдар тауып алып, Алматы музейіне өткізген. Ақсақалдың қолында 20-ға жуық құмыра мен оның сынықтары бар. Бүгінгі таңда ол Тапа елді мекеніндегі құмды жерді көгалдандырып, Қарағай, жеміс ағаштарын өсіруде.

«Ерен еріктілік» номинациясында Мейрамбек Жакупов жеңімпаз атанды. Әйтеке би кентінің тұратын ол көршісінің үйі отқа оранғанда төтенше жағдай қызметкерлері жеткенше 76 жастағы әжейді құтқарып, өмірін сақтап қалған.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталған Орақ Кеубасов «Жыл тұлғасы» номинациясымен марапатталды.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
22 шілде 2019 ж. 1 040 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 62

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930