Дербес қағанат дәуірі хақында
Бату хан дәуірінде (1227-1256) Алтын Орда мемлекеті Шыңғысхан құрған қағанаттың орталығы – Қарақорымға бағынышты болды. Алайда 1241 жылы Үгедей қаған қайтыс болғаннан кейін оның ұрпақтары Ширамун, Қотан, Күйіктің арасында таққа талас өрбіп, Үгедей қағанның бәйбішесі Туркаин хатунның араласуымен қағандық мансапқа Күйік қол жеткізді.
Шығыс Еуропа жорығында осы Күйік Батудың бас қолбасшылығына күндестік қылып, содан екеуінің арасына жік түскен болатын. Күйік қаған болған шақта Бату хан мен екеуінің арасында соғыс болмаса да, өзара бақталастық толастамады. Күйікке бағынбастан Бату хан Алтын Орданың дербес саясатын жүргізе бастады. Дегенмен көп ұзамай Күйік қаған 1248 жылы қайтыс болды.
Онон өзенінің жағасында өткен кезекті жалпы құрылтайда Бату ханның тікелей демеуінің арқасында Төле баласы Мөңке ұлы қаған атанады. Осы кезден бастап Бату хан империяда өзін жасы үлкен аға санап, Алтын Ордаға өз атынан билік жүргізді.
Алтын Орданың негізін қалаған Бату хан 1256 жылы дүние салды. Ұлы қаған Мөңкенің жарлығымен Батудың орнына үлкен ұлы Сартақ таққа отырды. Бірақ Сартақ тақта ұзақ тұра алмады. Ол 1258 жылы кенеттен өмірден озады. Ұлы қаған Мөңке Сартақ қайтыс болған соң Батудың ұлы Ұлақшыны Алтын Орда тағына отырғызады. Ол тым жас болғандықтан Батудың үлкен әйелінің бірі Боракчинге мемлекетті басқаруды тапсырады.
Ұлақшы да көп ұзамай-ақ қайтыс болады да, Ордадағы Беркенің жақтаушылары басымдық танытып, оны таққа отырғызады. Осы Берке хан Шыңғыс ұрпақтарының ішінде алғашқылардың бірі болып ислам дінін қабылдады. Сондай-ақ таққа келісімен Алтын Орданы Қарақорымнан тәуелсіз етуге күш салып бақты. Ал Берке ханның Шыңғыс ұрпақтарынан саяқ кетіп, дербес саяси әрекет етуіне оның діни көзқарасы әсер етті деуге болады.
Берке хан Мөңкеден кейін таққа отырған Құбылайға іс жүзінде бағына қоймайды. Құбылай мен Арық-Бұға арасындағы тартыста Берке хан Құбылайдың Құлағудың Кавказдағы билігін заңды деп мойындауына байланысты, Арық-Бұғаны қолдаған болатын.
Арық-Бұға соғыста жеңіліп, Құбылай ұлы қағандық мансабын иеленді. Әйтсе де Берке хан Құбылайға бас имесе де Алтын Орда билеушісі ислам дінін ұстануына орай Мысыр сұлтаны Бейбарыспен бірігіп, Құбылай заңды деп мойындаған Елхан билігіне қарсы соғыс ашты.
Берке ханнан кейін таққа отырған Мөңке Темір де Кавказ территориясына қатысты Берке ханның позициясын жалғастырып, Төле ұрпақтарымен жауласты. Сөйтіп, Мөңке Темірдің Шыңғыс өсиеттеріне адал болуы, оның кейде өзге ұлыстардағы немерелес туыстарымен бейбіт қарым-қатынас жасауына әсер етті.
Құбылайдың Ұлы қаған ордасын Қытай жеріне ауыстыруы, өзге Шыңғыс ұрпақтарының одан сырт айналуына алып келді. Үгедей қаған қайтыс болған соң таққа таласта Жошы мен Төле ұрпақтары бір бағытты ұстанып, оған Шағатай мен Үгедей жақтастары қарсы одақ құрған еді. Дей тұрғанмен Құбылай билікке келген соң Жошы-Төле ұрпақтарының одақтастығына жік түсті. Төленің ұлы Құбылайдың Елхан билігін заңды деп мойындауы – Жошы ұрпағы Берке ханның шамына тиді. Берке ханның Құбылай мен Арық-Бұға қақтығысында, кейінгісін қолдауының бір себебі де осы еді.
Сондай-ақ Құбылайға Үгедей ұрпақтарының қарсылығы бір сәтке де толастаған жоқ. Олар Хайду Үгедей және Шағатай ұлыс бектерінің басын біріктіріп, Ұлы орданы Қытай жеріне ауыстырған Құбылайға қарсы тұрды. Осы тұста бұрын Жошы-Төлеге Шағатай-Үгедей ұрпақтары бірігіп қарсы тұрса, Шыңғыс ұрпақтарының өзара қақтығысының келесі кезеңінде Құбылай Шағатай билеушісі Барақты өз жағына шығарып алды. Құбылай хан Хайдудың қарсылығын еңсеруді ұлы Номғонға тапсырғанымен, ол әкесінің пәрменін өз дәрежесінде орындай алмады. Осы бұлғақ кезінде Хайдудың дәстүрлі «Ұлы Яса» жолын ұстануы Мөңке Темірдің оның жағына шығуына әсер етті.
Екі жақты талас-тартыстың соңы ашық соғысуға әкеліп соқты. Құбылайдың жақтасы Шағатай билеушісі Барақ хан мен Үгедей ұлысының мұрагері Хайдудың арасында 1268 жылы шайқас орын алды. Мөңке Темірдің бұйрығымен осы соғысқа Алтын Орданың Беркечар қолбасы бастаған 30 мың әскері қатысты. Нәтижесінде Хайду Алтын Орда әскерінің көмегінің арқасында Барақты жеңді.
Осы соғыстан кейін Шағатай билеушісі Барақ хан Хайдумен ымыраға келуге мәжбүр болды. Құрылтай шақырылып, 1269 жылы Талас өзенінің бойында өткен бұл басқосуға Жошы, Шағатай, Үгедей ұрпақтары түгел жиналды. Рашид ад-Диннің дерегінде осы құрылтайға Алтын Орда билеушісі Мөңке Темірдің өзі де қатысқан көрінеді. Бұл құрылтайда Шыңғыс ұрпақтарының ұлыстарында дербес билік жүргізіп, өзара татулықты сақтау жөнінде байлам жасалды.
Талас құрылтайы қай жағынан алып қарағанда да Алтын Орда мүддесі үшін тиімді еді. Өйткені Алтын Орда мемлекеті Бату мен Беркенің кезінен бастап Қарақорымнан дербес саясат ұстанғанымен, өзге Шыңғыс ұрпақтары құрған субъектілер Жошы ұлысының тәуелсіз империя екенін әлі ресми түрде мойындамаған болатын.
Талас құрылтайында Шыңғыс ұрпақтары бір-бірімен татулықты сақтай отырып, өз ұлыстарында дербес саясат жүргізуге өзара мәміле жасасты. Бұл Шыңғыс ұрпақтары арасында Алтын Орданың бөлек империя екенін мойындауға нақты жол ашты. Яғни Бату мен Беркенің кезінде дербестікке ұмтылған Алтын Орда ұлысы Шыңғыс ұрпақтарының алдында өзінің жеке қағанат екенін 1269 жылы Мөңке Темірдің билігі тұсында толық мойындата алды.

Дайындаған А.ЖИЫЛЫСҚЫЗЫ