Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тырнаққа қарап қандай ауруларды анықтауға болады?

Тырнаққа қарап қандай ауруларды анықтауға болады?

Адам ағзасы қандай да бір ауытқулар кезінде бізге белгі береді. Солардың бірі – тырнақтардың жағдайы. Тырнақ пластиналары ағзадағы өзгерістерге өте сезімтал келеді және денсаулық мәселелері туралы ерте сигнал беріп отырады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бірақ бұл жерде генетикалық ерекшеліктерді де ескеру маңызды.
Мәселен, тырнақ бетінде ақ дақтардың немесе толық ағарудың пайда болуы анемия, мырыш жетіспеушілігі, бауыр, бүйрек немесе жүрек ауруларымен байланысты болуы мүмкін. Сондай-ақ, бұл жағдай саусақ жарақаттары немесе грибоктық инфекциялар кезінде де кездеседі.
Тырнақ сарғайса, көбінесе бұл саңырауқұлақ инфекциясының белгісі саналады. Алайда, ол тек саңырауқұлақпен ғана шектелмейді. Тырнақтың сарғаюы өкпе аурулары, лимфедема, псориаз, қалқанша безінің бұзылыстары немесе қант диабеті кезінде де байқалуы мүмкін.
Тырнақтың қалыңдауы дұрыс тамақтанбаудың, псориаздың немесе саңырауқұлақ инфекциясының салдары болуы ықтимал. Ал тырнақ бетінде кішкентай шұңқырлар мен ойықтар пайда болса, бұл буын аурулары немесе қабыну процестерімен байланысты болуы мүмкін. Мұндай өзгерістер псориаз кезінде де жиі байқалады.
Тырнақ бойымен созылған ақ тігінен сызықтар жүрек-қантамыр жүйесінің, бүйректің немесе тірек-қимыл жүйесінің бұзылыстарынан хабар беруі мүмкін. Сонымен қатар, бұл авитаминоз белгісі ретінде де қарастырылады.
Тырнақтың қабыршақтанып, пластинаның негізінен ажырауы да елеулі белгі саналады. Онихолизис деп аталатын бұл жағдай жарақаттардан, саңырауқұлақ инфекциясынан, псориаздан немесе қалқанша безінің шамадан тыс белсенділігінен (гипертиреоз) туындайды.
Дәрігерлердің айтуынша, тырнақ күйінің өзгеруі әрдайым ішкі ағзалардың саулығына тікелей байланысты бола бермейді. Дегенмен, мұндай белгілерді елемей қоюға болмайды. Тырнақтың түсі мен құрылымындағы өзгерістерді байқасаңыз, уақтылы дәрігерге қаралып, тексерілген жөн. Бұған дейін тез тамақтанудың зияны туралы жазған едік.
11 шілде 2025 ж. 1 457 0

Азат елдің тұғыры

30 тамыз 2025 ж. 154

Ата Заң – тұғырлы тірек

30 тамыз 2025 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031