Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Балық баптаудағы байыпты бағдар

Балық баптаудағы байыпты бағдар

Бізде балық өсіру саласын дамытуға потенциал жоғары. Себебі өңірде балық шаруашылығы ілгерілеп, көкжиегі кеңеюде. Аймақта балық өсіруге қолайлы су айдындары бар. Демек балық баптауда мүмкіндік көп.

Облыстың табиғи-климаттық факторларын, Арал теңізін көлемін, күріш егу алқаптарында балық өсіру мүмкіндігін ескере отырып, өңір жылына жиырма бес мың тонна балық өсіруге қабылетті екенін сала мамандары айтқан болатын. Сондықтан, жергілікті тұрғындарды балық өсірумен айналысуға шақырудан жалыққан емес. Ол үшін өңірде теңіз де, тәжірибе де бар. Салаға да қолдау болар мемлекеттік бағдарламалар бар.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жыл сайын балық шаруашылығына жіті көңіл бөлініп келеді. Сала – ауылдық жерлерде өндіріс көлемінің артуына, халықтың табысы мен жұмыспен қамтылуына маңызды рөл атқарады. Республикадағы Каспий мен Арал теңізінің, Балқаш пен Зайсан көлінің, Алакөл көлдер жүйесінің, Бұқтырма, Қапшағай, Шардара су қоймалары, сондай-ақ басқа да су айдындарының осы кәсіпте өз орны бар. Сондай-ақ кәсіптік балық аулау Атырау, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Түркістан облысында жақсы дамыған. Ресми дерек бойынша, елде жыл сайын 45-50 мың тонна балық ауланады екен. Ал Қызылорда облысында балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы әзірленген. Бағдарлама шеңберінде 2030 жылға дейін балық экспортын 2 есеге, тауарлы балық өндіру көлемін 111 есеге арттыру көзделген болатын.

Қазіргі таңда ауданда балық шаруашылығын дамыту мақсатында жеке кәсіпкерлер тоған шаруашылығымен айналысуды қолға алуда. Солардың бірі – Қазалы қаласындағы жеке кәсіпкер Райс Валиевтің тоған шаруашылығы.

Жоба Қазалы қаласындағы Құрманай каналының бойында орналасқан. Қазіргі уақытта кәсіпкер 5 гектар аумаққа тоған қазу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл жоба – аудан көлемінде тауарлы балық шаруашылығын дамытуға бағытталған маңызды бастама. Жеке кәсіпкер Райс Валиев алдағы уақытта кооператив құру арқылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 31 миллион теңге көлемінде жеңілдетілген несие алуды жоспарлауда. Жоба сәтті жүзеге асқан жағдайда тоғанда сазан балығын өсіріп, оны нарыққа тауарлық бағытта ұсыну көзделген. Бұл өз кезегінде жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға және аудан экономикасын дамытуға елеулі үлес қоспақ.

«Ауыл аманаты» бағдарламасының негізгі мақсаты – ауыл тұрғындарының табысын арттыру, ауылдық жерлерде шағын кәсіпкерлікті дамыту. Сондай-ақ азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы тұрғыда Қазалы ауданындағы тоған шаруашылығының қолға алынуы – бағдарламаның нақты іске асқан үлгісі болмақ. Жоба толық іске қосылған жағдайда Қазалы өңірінде балық шаруашылығының жаңа кезеңі басталып, тұрғындарға сапалы әрі қолжетімді өнім ұсынылатын болады.

Иә, балық бизнесі, тоған шаруашылығы толайым табыс көзіне айналуда. Жерлестеріміз сүйсініп жейтін балық шаруасын ширату маңызды. Бастысы мемлекет берер бағдар мен қолдау бар.

Айнұр ӘЛИ
12 шілде 2025 ж. 49 0

Жасыл орман жайқалса...

12 шілде 2025 ж. 36

Еңбегі еселі ер

12 шілде 2025 ж. 45

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031