Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сала мамандары марапатталды

Сала мамандары марапатталды

9 шілде – еліміз бойынша Су шаруашылығы қызметкерлерінің күні болып бекітілген. Кәсіби Мерекеге орай аудан әкімдігінде су шаруашылығы саласы ардагерлері мен қызметкерлерінің қатысуымен салтанатты жиын өтті.
Шараға аудан әкімінің әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаев қатысып, аудан басшысы Мейрамбек Шермағанбеттің құттықтауын жеткізді.
– Бүгінде елімізде су шаруашылығы мамандығының маңызы ерекше. Елдің су ресурстарын есепке алу, оларды ластану мен сарқылудан қорғау жұмыстарымен айналысып, су арқылы әрбір үй мен кәсіпорынға тіршілік нәрін беріп келеді. Бүгінгі күні су шаруашылығы саласы қызметкерлерінің аудан тұрғындарына және шаруашылық құрылымдарға су жеткізу, қолайлы жерлерді қалыптастыру, экологиямызды сақтаудағы қажырлы еңбектері қашанда құрметке лайық. Бүгінгі кәсіби мерекелеріңізде барша сала қызметкерлеріне зор денсаулық, шаңырақтарына береке, жұмыстарына табыс тілеймін, – деді Жалғас Оңғарұлы.
Мұнан соң мерекеге орай аудандағы су шаруашылығы саласында жемісті еңбек етіп жүрген бірқатар азаматтар облыс әкімінің, облыс әкімі орынбасарының және аудан әкімінің «Алғысхаттарымен» марапатталды.
Жиын барысында сөз алған сала ардагері Серікбай Сәрсенбаев мереке қарсаңында ұмыт қалдырмай ескеріп, арнайы шақырып, құрмет көрсеткен басшылыққа риясыз алғысын жеткізді. Салтанатты жиын соңы аудандық мәдениет орталығының өнерпаздарының ән шашуымен қорытындыланды.
Арайлым ҚУАНТҚАНҚЫЗЫ
12 шілде 2025 ж. 224 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031