Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Газ баллоны жарылып, ерлі-зайыптылар зардап шекті

Газ баллоны жарылып, ерлі-зайыптылар зардап шекті

Қызылорда қаласында газ баллоны жарылып, екі адамды күйік шалды, деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Ведомство ақпаратына қарағанда, 20 қараша күні сағат 18-37-де өртке қарсы қызмет пультіне Қызылорда қаласының Бәйтерек шағын ауданындағы жеке тұрғын үйде газ баллоны жарылғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жеткен өрт сөндіру бөлімшесінің мамандары газ баллонының редукторындағы ақау салдарынан жарылыс орын алып, үйдің қабырғасы құлап, өрт тұтанған. «Өрт сөндірушілер қызыл жалын ошағынан 2 газ баллонын алып шықты. Қабылданған шаралардың арқасында сағат 20-34-те өрттің алды алынып, сағат 20-43-те сөндірілді.

Өрт аумағы 120 шаршы метрді құрайды. 1993 жылы дүниеге келген үй қожайыны мен оның 1995 жылы дүниеге келген жұбайы күйік шалғандықтан ауруханаға жеткізілді», – деп атап өтеді комитеттен.

Таратылған мәліметке сәйкес, қызыл жалынмен күреске Қызылорда облыстық ТЖД жеке құрамының 14 маманы мен 4 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылған.

21 қараша 2019 ж. 1 198 0

Еңбегімен елге сыйлы

08 қараша 2025 ж. 151

Еңбекпен есейген ер

08 қараша 2025 ж. 122

ФОРУМ: кәсіп пен еңбек

08 қараша 2025 ж. 130

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930