Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ынтымақтастық ырысы

Ынтымақтастық ырысы

"Түркітілдес журналистер" қорының ұйымдастыруымен Түркияның Қазақстандағы Бас консулы Рыза Қаған Йылмаз қазақ журналистерімен кездесіп, екі ел арасындағы ынтымақтастық байланыс төңірегінде әңгіме өрбітті. Бауырлас елдер арасындағы тарихи-мәдени, экономика саласындағы әріптестіктің тарихы терең екенін алға тартты.
БАҚ өкілдерімен кездесуде Бас Консул Қазақстан-Түркия арасындағы саяси-экономикалық, дипломатиялық, тарихи және рухани мәселелер жайын тарқатып айтты. Рыза Қаған Йылмаздың айтуынша, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоғанның бастамасымен екі ел арасындағы сауда айналымы жуық арада 10 миллиард долларға жеткізіледі. Ежелгі Жібек жолын жаңғырту мақсатында қолға алынған «Заманауи Жібек жолы» жобасы мен жуырда ғана іске қосылған Баку-Тбилиси-Карс теміржол торабы экономикалық байланысты нығайта түсері анық. Қазіргі таңда қазақ және түрік инвесторлары мұнай, мал шаруашылығы, азық-түлік, фармацевтика мен экономиканың басқа да салаларда өте белсенді. Түбі бір түркі елдері саяси, мəдени, рухани бағыттағы байланысын Түркі Кеңесі, ТҮРКСОЙ, Түркі Академиясы халықаралық ұйымдар шеңберінде дамытып келеді.
01 қараша 2018 ж. 1 283 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 156

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 123

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 109

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 115

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 109

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031