Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ресейдегі «қазақтар» алаңға шықты

Ресейдегі «қазақтар» алаңға шықты

Қазіргі кезде Ресейде екі қазақстандық футболшы ойнап жүр. Өткен аптада екі жерлесіміз де алаңға шықты.

Ресей премьер-лигасының 29-турында «Ростов» өз алаңында мерзімінен бұрын чемпион атанған «Зенитті» қабылдады. «Ростов» сапында жерлесіміз Бактиер Зайнутдинов өнер көрсетеді.

Валерий Карпин Қазақстан құрамасының ойыншысын алғашқы минуттан алаңға шығарды. Бактиер 71-минутқа дейін ойнады. Матчта «Ростов» 1:0 есебімен жеңіске жетті. Кездесудің 66-минутында «Зенит» қорғаушысы Маммана өз айып алаңында «Ростовтың» өзбекстандық шабуылшысы Эльдор Шомуродовқа қарсы тәртіп бұзды. Бұл шабуылды бастаған Зайнутдинов болатын. Төреші 11 метрлік пенальти белгіледі. Оны Ивелин Попов сәтті орындады. Қорытынды есеп – 1:0.

Айта кетейік, Бактиер Зайнутдинов «Ростов» сапында 9 рет алаңға шығып үлгерді. Оның үшеуінде негізгі құрамда ойнаған. Осы уақыт аралығында 3 сары қағазға ие болған.

Ал Ресейдің ұлттық лигасында ойнайтын «Сочи» командасы» өз алаңында «Шинникпен» кездесті. Матч 0:0 есебімен тең аяқталды. Ресейдің оңтүстігінде орналасқан Сочи қаласымен аттас клуб биыл мерзімінен бұрын премьер-лигаға жолдама алып қойған. Бұл команда сапында жерлесіміз Акмаль Бахтияров бар. Ол алаңға 54-минутта шықты. Жалпы, 20 жастағы футболшы «Сочи» сапында 5 кездесуге қатысқан.
21 мамыр 2019 ж. 869 0

Руханият

Дархан даланың дара шынары

Дархан даланың дара шынары

26 желтоқсан 2022 ж.
Басықара билігі

Басықара билігі

13 желтоқсан 2022 ж.
Елге аға болған Қалекең

Елге аға болған Қалекең

11 желтоқсан 2022 ж.
Қазалының қайсар ері

Қазалының қайсар ері

10 желтоқсан 2022 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Қытайда екі миллиардтан астам вакцина салынды