Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Футболдан Қазақстан құрамасы Болгариядан жеңілді

Футболдан Қазақстан құрамасы Болгариядан жеңілді

Футболдан Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде Болгариядан жеңілді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Ойын венгрдің Фельчута қаласындағы "Панчо Арена" стадионында өтті, есеп - 1:2.
Венгрияға қарсы ойынмен салыстырғанда Қазақстан құрамасының бас бапкері Станимир Стойлов негізгі құрамда екі өзгеріс енгізді: негізгі қақпашының орнын Владимир Плотников алса, сол қапталдағы қорғаушы ретінде алаңға Гафуржан Сүйімбаев шықты.
Бірінші таймда бір гол соғылды. Оны 24-ші минутта болгар капитаны Ивелин Попов он бір метрлік айып добын орындап, салды. Бұл кезде Гафуржан Сүйімбаев Станислав Манолевке қарсы ойын ережесін бұзған еді.
Үзілісте Стойлов екі рет ойыншы ауыстырды, олардың бірі нәтижелі болды. 55-ші минутта Еркебұлан Тұңғышбаев есепті теңестірді, ал мұның алдында Роман Мұртазаевтың соққысы қақпа бағанасына тиген болатын.
Соғылған голдан кейін де Қазақстан құрамасы тоқтамай, ойында басымдық танытты. Гол соғатын мүмкіндік Мұртазаевта болған - ол асқан жылдамдықпен қарсыласынан озса да, дәл соққы жасай алмады.
Алайда матч Болгарияның жеңісімен аяқталды. Соңғы секундтарда Тұңғышбаев ереже бұзып, айып добы белгіленген, оны қарсылас команданың ойыншысы Николай Бодуров сәтті орындап, гол соғып кетті.
Еске салайық, 23 наурызда Қазақстан құрамасы Будапеште өткен жолдастық кездесуде Венгрияны 3:2 есебімен жеңген еді. Сол матч екі жылға келісімшарт жасасқан Стойловтың ұлттық құрама жетекшілігіндегі алғашқы кездесуі еді.
27 наурыз 2018 ж. 1 443 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 138

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 131

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 119

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 117

Шырша шамы, жарқыра!

20 желтоқсан 2025 ж. 123

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 113

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031