Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Канелоның» промоутері Головкинге шарт қойды

«Канелоның» промоутері Головкинге шарт қойды

Мексикалық боксшы Сауль Альварестің өкілі, Golden Boy Promotions басшысы Оскар Де Ла Хойя қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жекті ұйымдастыруға қатысты маңызды мәлімдеме жасады, деп жазады Sports.kz.
«Геннадий Головкин қыркүйекте Сауль Альвареспен рингке қайта шығатынына күмәнім бар. Мен «Канеломен» жүз пайыз келісемін - Головкин бұрынғы деңгейіне қайта көтерілуі тиіс. Сауль енді чемпион, оған таңдауға болатын жолдар өте көп - ол 168 немесе 175 фунт салмақ дәрежесіне дейін көтеріліп, тарихта есімін қалдыра алады. Егер Головкин онымен жекпе-жек өткізгісі келсе, ол әлем чемпионы белбеуін иемденуі тиіс», - деп келтіреді ESPN Де Ла Хойяның сөзін. 
Еске салайық,  Головкин мен «Канело» арасындағы бірінші жекпе-жек тең аяқталған болатын. Ал реваншта төрешілердің басым бөлігінің шешімімен жеңіс мексикалық боксшыға берілді.  
GGG (38-1-1, 34КО) алдағы 8 маусымда Нью-Йорктегі (АҚШ) Madison Square Garden аренасында канадалық боксшы Стив Роллспен (19-0, 10 КО) кездеседі. Жекпе-жек алдында қос боксшы Нью-Йоркте баспасөз мәслихатын өткізді. Шарадан кейін көз арбасу рәсімі өтті. Бокс кешіне билеттердің бағасы 50, 100, 200, 300, 500  және 750 долларды құрайды.  
28 сәуір 2019 ж. 1 412 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930