Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бәсі биік балғын боксшылар

Бәсі биік балғын боксшылар

Қазалы спортының тарихы тым тереңде жатыр. Ал, жігерлі жампоз жігіттердің жетістіктері ауыз толтырып айтарлықтай. Әсіресе, гүрзі жұдырықты боксшыларының орны бір төбе. Олардың жыл сайынғы түрлі байрақты додалардағы жеңістері мен жүлделері жұртшылықты қуантып келеді. Аға буынға қарап бой түзеген жасөспірімдердің жігері, жұдырықтасу өнеріне деген ынтасы көрген жанның көзін тойдырарлықтай. Солардың бірқатары белгілі бапкерлер Жеңіс Боранбаев, Азамат Құтпанбетов жаттықтыратын Ерхан Оңталапов, Аман Керемет, Наурызбек Есет сынды жеткіншектер деуге болады.
Бала күндерінен көшедегі ойыннан бокс үйірмесін артық көрген бұл жігіттер қазірдің өзінде біршама белестерді бағындырып қалыпты. Мәселен, үстіміздегі жылы Арал қаласында 2006-2007 жылдары туған жасөспірімдер арасында білікті ұстаз, бокс­шы Аманқос Есмұрзаевты еске алуға арналған ашық турнирде Ерхан мен Керемет I орынды қанжығаласа, Наурызбек күміспен күптелген. Сондай-ақ, аз ғана ғұмырында шаршы алаңның шеберіне айнала білген боксшы Шыңғыс Боранбаевты еске алуға арналған ашық турнирде ешкімге дес бермеген үш саңылақта әр салмақ бойынша I орынды қанжығалаған.
Осы орайда, аталмыш өрендердің боксқа деген құштарлығы жайлы Жеңіс Боранбаевтың пікірін тыңдағанбыз.
– Біздің бокс үйірмемізге жыл сайын көптеген бала қатысуға келіп жатады. Түрлі шәкірттеріміз аудан, облыс намысын үстем етіп жүр. Үкілеген үміттеріңнің жетістікке жеткені кез келген ұстазды қуантпай қоймасы айқын. Бұл балалардың әлі жас болса да жұдырықтасу өнеріне деген ынта-пейілдері ерекше. Жаттығудан қалмай, бапкерлердің тапсырмаларын тыңғылықты орындап отырады. Келешекте ел мерейін өсіретін үлкен азаматтар боларына сенімім зор, – дейді тәжірибелі жаттықтырушы.
Мұнан бөлек, бұл жеткіншектер Аякөз қаласында жасөспірімдер арасында өткен II республикалық ашық турнирде де атой салған. Айтулы бәсекеде Оңталап Ерхан бірінші, Наурызбек Есет екінші, Керемет Аман үшінші орындарды иемденсе, бокс үйірмесінің тағы бір тәрбиеленушісі Ерасыл Кенжебай күміс медалді кеудесіне таққан.
Халқымызда «Елдің атын ер шығарады» деген қанатты сөз бар. Болашағына зор сеніммен қарайтын жас былғары қолғап шеберлерінің шығар шыңдары көп болады деген сенімдеміз.

Есет ТАБЫНБАЕВ
26 мамыр 2018 ж. 1 663 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 80

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930