Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шыңғыс атындағы турнир

Шыңғыс атындағы турнир

Әйтеке би кентіндегі №17 мамандандырылған олимпиадалық резервтің балалар жасөсімпірімдер мектебінде спортшылар орда­сының бұрынғы әдіскері Шыңғыс Бағысбайұлы Боранбаевты еске алуға арналған бокстан ашық турнир болып өтті. Оған Шымкент, Ақтөбе, Қызылорда қалалары, Сексеуіл стансасы мен Арал, Қазалы ауданының командалары қатысты.
Турнирдің ашылу салтанатында мемлекеттік Гимн ойналып, болысымен қатысушылар бір минут үнсіздік жариялап, Шыңғысты еске түсірді.
Спорт мектебінің директоры Қуанған Бәкен: «Мен Шыңғысты бала кезінен білемін. Спорт интернатында, спорт колледжінде, Спорт және туризм академиясында оқып жүргенінде боксшылар бәсекесінде Қазалы ауданының, Қызылорда облысының намысын қорғады. Спорт шеберлігіне кандидат атанды. Кейін біздің ұжымға әдіскер болып жұмысқа орналасты. Ол әрдайым ізденіс үстінде жүретін. Үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету қанына сіңген жақсы қасиеті еді» дей келе, былғары қолғап додасына қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сындарлы сында 19 салмақ дәрежесі бойынша 140-қа жуық боксшы сайысқа түсіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Қазалылық Есет Наурызбек бас жүлдені иемденіп, оған Қызылорда облыстық спорт интернатында бірге оқыған достары арнаулы кубок пен ескерткіш сыйлық табыстады. Сонымен бірге, түрлі салмақтарына сәйкес 76 жеңімпаз боксшыға марапаттаулар берілді. Жалпы командалық есеп бойынша қазалылықтар бірінші, аралдықтар екінші, оңтүстікқазақстандықтар үшінші орын тұғырына көтерілді.
Шыңғыстың қазалылық достары боксшы өрендерге «Үздік техникасы үшін», «Жеңіске деген жігері үшін», «Көрермен көзайымы», «Ең жас боксшы» тағы басқа да номинациялар мен бағалы сыйлықтар сыйлады. Республикалық спорт колледжінде, Спорт және туризм академиясындағы курстас досы, оңтүстікқазақстандық Дархан Мықтыбаев турнирдің барлық медальдарын жасатуға ұйытқы болды.
Турнирдің екінші күнінде өмірден жастай өткен спортшыға арналған ас беріліп, жиналғандар қимастық сезімге толы естеліктерін ортаға салды.
Үш күнге созылған турнирдің жабылу салтанатында Шыңғыстың әкесі Бағысбай Боранбаев сөз сөйлеп, жарысты ұйымдастыруға бастама көтерген №17 спорт мектебі ұжымына рахметін айтты. Маңғыстаулық құда-құдағайына, Шыңғыстың нағашыларына, спорт интернатында, колледжде, академияда бірге оқыған, ауылдағы бірге жүрген достарына, басқа да демеушілік көрсеткен азаматтарға алғысын білдірді.
Қатысушылар марқұмның зира­тының басына барып, рухына құран бағыштады.
Қадірбек БЕКЕТОВ,
ардагер ұстаз.
15 мамыр 2018 ж. 1 588 0

Ұйымшыл ұжымның ұтары көп

14 желтоқсан 2024 ж. 46

Кент көркін келтіргендер

14 желтоқсан 2024 ж. 41

Бар жақсылық – балаға

14 желтоқсан 2024 ж. 42

Шәкірттер шамшырағын жаққан

14 желтоқсан 2024 ж. 41

Сұранысқа ие орталық

14 желтоқсан 2024 ж. 37

Жасындай жарқыраған Гүлсая

14 желтоқсан 2024 ж. 38

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031