Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада жекпе-жек сайысынан Қазақстан кубогы өтеді

Қызылордада жекпе-жек сайысынан Қазақстан кубогы өтеді

2-4 наурыз аралығында «Евразия» спорт кешенінде 18 және одан жоғары жастағы ерлер мен әйелдер арасында жекпе-жек сайысынан Қазақстан Республикасының кубогы өтеді. Ел кубогына республиканың әр өңірінен және Астана, Алматы қалаларынан жасақталған 300-ден аса спортшылар 17 салмақ дәрежесі бойынша сынға түседі.
Жарыс Әлем, Азия чемпионаттарына, әртүрлі халықаралық жарыстарға және үстіміздегі жылғы мамыр айында Минск қаласында (Белоруссия) өтетін Еуропа чемпионатына қатысу үшін мықты спортшыларды анықтау және командаларды жасақтау мақсатында өткізілуде.
Байрақты бәсекеге 2017 жылғы Әлем чемпиондары алматылық Қазбек Сағын, астаналық Данияр Үстембаев, 2017 жылғы Әлем чемпионатының финалисі Алматы қаласынан Ұлан Мұқашев, Сыр елінен ТМД чемпиондары, 66/597 әскери бөлімінен Вадим Федосеев, шекара қызметі 2019 әскери бөлім қызметкері Айдос Бөрібеков қатысады.
Аталған дүбірлі доданы ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, бүкілқазақстандық жекпе-жек сайыс қауымдастығы, Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастыруда.
Жарыс 2 наурыз күні сағат 10:00-де басталып, 14:00-де салтанатты ашылуы өтеді.


27 ақпан 2018 ж. 1 510 0

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 29

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 31

Рухани шамшырақ иесі

21 қазан 2025 ж. 29

Мал баққанға бітеді

21 қазан 2025 ж. 27

Ұйқыдағы үрей

21 қазан 2025 ж. 27

Алма ауызға түспейді

21 қазан 2025 ж. 24

Орманға қорған

20 қазан 2025 ж. 41

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031