Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Балуандар бақ сынасты

Балуандар бақ сынасты

Өткен аптада Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі, спорт саласының құрметті қайраткері, грек-рим күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері Қуанған Бәкеновтің жүлдесіне арналған грек-рим күресінен облыстық ашық турнирі ұйымдастырылды.
Турнирдің ашылу салтанатында аудан басшысы Мұхтар Оразбаев белгілі спорт саңлағының жүріп өткен жолына тоқталды.
– Бұл жасөспірімдер арасындағы турнир спорт шебері Қуанған Бәкеннің өнегелі өмір жолдарын ұлықтауға, бұқаралық спортты дамытуға мол мүмкіндік береді деген ойдамын. Қуанған ағамыздың қасиетті Қазалы ауданында грек-рим күресін дамытуда еңбегі ерекше. Соңғы жылдары спорт мектебін басқарып, бүгінде зейнеткерлік демалысқа шықты. Сол уақыттарда қазалылық балуандар облыстық, республикалық чемпионаттар мен біріншіліктерде жүлдегер атанды. Қазіргі кезде игі дәстүр заңды жалғасын табуда. Чемпиондар қатары да жыл сайын жаңа есімдермен толығып келеді, – деді Мұхтар Әуесұлы.
Онан соң қазақша күрес бойынша ҚР спорт шебері, дзюдо бойынша Халықаралық дәрежелі төреші, ҚР құрметті спорт қайраткері, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері Садық Мұстафаев құттықтау сөз сөйлеп, спорт ардагеріне шапан жауып, жас балуандарға сәттілік тіледі.
Бозкілемде белдесуге Қызылорда облысымен қатар, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан облысы және Шымкент, Қызылорда қалаларынан келген 10 команда, 250 жас балуан бақ сынасты. Жарыс тартысты басталып, спортшылар өздерін жоғары дәрежеде көрсете білді. Алғашқы болып Қызылорда облысы мен Әйтеке би кенті спортшылары күш сынасты. Екі күнге созылған сайыс өз мәресіне жетіп, кіл мықтылар жеңіс тұғырынан көрінді.
Атап айтқанда, Әйтеке би кенті атынан шыққан 38 келі салмақта Әли Толыбай, 48, 51, 55 пен 60 келілік Шыңғыс Әбдіхалымов, ­Мадияр Халық, Ерасы Күзембай мен Сейілбек Қуанышбек, 65 және 80 келі салмақ бойынша Нұрбек Арынғазы мен Саят Айдос чемпион атанды. Тараз бен Ақтаудан келген спортшылар да бірінші орынды иемденіп, құр алақан қалмады. Бұлар ептілігін байқатқан 29, 32, 35 және 48 келі салмақтағы Елнұр Орынтай, Мадияр Асан, Сабыржан Дәулет және Жәнібек Қайыр есімді балуандар. Сексеуілдік 36 келі салмақпен белдескен Бекет Әзілхан да жеңімпаздар қатарынан көрініп, арнайы жүлдеге қол жеткізді.
Серік АҚМЫРЗА
22 наурыз 2022 ж. 991 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930