Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Паралимпиада: Қазақстан құрамасы 32-орында келеді

Паралимпиада: Қазақстан құрамасы 32-орында келеді

Жапония астанасы Токиода өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар жалпы командалық есепте 32-орында келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазірге дейін ел құрамасы қоржынына төрт медаль түсті. Айта кетейік, бұдан бұрын ел құрамасынан пауэрлифтинг шебері Давид Дегтярев чемпион атанса, парадзюдошы Әнуар Сариев күміс жүлдегер болды. Одан кейін парадзюдошы Теміржан Дәулет те күміс медаль алды. Бүгін олардың қатарын парадзюдошы Зарина Байбатина толықтырды. Осылайша Қазақстан 1 алтын, 3 күміспен жалпы командалық есепте 32-орынға жайғасты. Ал 28 тамызда қазақстандық спортшылар 25-орында тұрған еді. Медаль алу бойынша Қытай көш бастап тұр. Оның еншісінде барлығы 103 (45 алтын, 29 күміс, 29 қола) медаль бар. Одан кейінгі орындарда Ұлыбритания - 60 (23-19-18), АҚШ - 40 (15-16-9) медальдан еншілеген.
30 тамыз 2021 ж. 955 0

10 наурызға валюта бағамы

10 наурыз 2026 ж. 42

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031