Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көшпенділер ойындары: Қазақстан үздік үштікке кірді

Көшпенділер ойындары: Қазақстан үздік үштікке кірді

 ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарынында қазақстандық спортшылар 32 медаль иеленді, деп хабарлайды Baq.kz.kz ақпарат агенттігі.
9 алтын, 9 күміс және 14 қола медаль біздің спортшылардың қанжығасында.
 Қазақша күрестен 70 келі салмақта Әбілқайыр Мәуленин алтын жүлде. Оның финалдағы қарсыласы жарыс қожайыны Мирлан Ералиев болды.
  90 келі салмақта Ерсұлтан Мұсафаров өзбек Сарвор Икрамовтан басым түсті.
 Абсолют салмақта Моңғолияда тұратын этникалық қазақ Серік Бердімұратұлы қарсыласының барлығын жайпап, көрермен қошеметіне бөленді. Бұл салмақта Нұрдаулет Жарылғапов қола жүлде алды.
  Арқан тартыста біздің спортшылар командалық сайыста қола медаль еншілесе, жекелей сында команда капитаны Қайратхан Шонгу күміс медаль алды.
  Мас-рестлингте біздің спортшылар 5 медаль иеленді, (4 қола, 1 күміс). Медет Есболаев (60 кг), Темірлан Шамет (70 кг), Вячеслав Старков (105 кг), Александр Краснов (125 кг), Дарья Нестерова күміс медаль алды (85 кг).
Сондай-ақ Қырғызстанның Қыршын жайлауында "Бүркіт салу" спорты бойынша жарыстар да мәресіне жетті. Жерлесіміз бүркітші Серікбек Күнтуғанұлы қола жүлдегер атанды. Алтын бәйге қырғыз бүркітшісіне бұйырса, күмісті башқұрстан бүркітшісі еншіледі.
  Түркімен гураш (белбеу күресте) біздің екі спортшы Әділет Шалғынбекұлы (62 кг) және абсолютті салмақта Амандық Абылай қола медаль иеленді.
  Сонымен, жалпы медаль саны бойынша Қырғызстан (43 медаль) - бірінші, Ресей - (24 медаль) екінші, Қазақстан - үш (32 иедаль), Түркіменстан - төртінші (18 медаль) орында тұр.
  Қысқаша айта кетер болсақ, Қырғызстанның Чолпан-Ата қаласында ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтіп жатыр. Жаһандық жарысқа 80-нен астам елдің 3000-ға жуық спортшысы қатысуда. Олар 37 спорт түрінен бақ сынайды. Дүбірлі додада Қазақстанның намысын 134 спортшы қорғайды.

Baq.kz

05 қыркүйек 2018 ж. 1 567 0

Халық саны артты

09 ақпан 2025 ж. 118

Жаңа тағайындаулар

09 ақпан 2025 ж. 137

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728