Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық теннисшілер әлемдік рейтингіде жоғары көтерілді

Қазақстандық теннисшілер әлемдік рейтингіде жоғары көтерілді

Қазақстандық теннисшілер әлемдік рейтингіде жоғары көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, ерлер арасында ел құрамасының үздігі Александр Бублик 38-ден 37-ге жоғарылады. Сөйтіп ол өзінің рекордтық көрсеткішіне қайта оралды. Тағы бір қазақстандық Михаил Кукушкин де бір саты көтеріліп, қазір 129-орында тұр. Жұптық сында Андрей Голубев 36-орнын сақтап қалса, Александр Недовесов 84-тен 82-ге ауысты. Әйелдер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина бір сатыға кейін сырғып, 20-орында келеді. Ал Юлия Путинцева 35-тен 33-ке, Зарина Дияс 112-ден 110-ға жоғарылады. Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық жас теннисшілердің Өзбекстанда өткен жарыста жеңімпаз атанғанын, Зарина Диястың Чикагода негізгі турнирге жолдама алғанын жазған болатынбыз. З.Дияс Чикаго WTA 250 турнирінің алғашқы айналымында франциялық Кристина Младеновичпен кездеседі. Тағы бір қазақстандық Анна Данилина Кливленд WTA 250 жарысында тартысты матчта америкалық Кэти Макналлиден 6:7 (4:7), 7:5, 4:6 есебімен жеңіліп қалды.


23 тамыз 2021 ж. 954 0

"Ғасыр куәсі" жобасы

13 ақпан 2025 ж. 180

Білім сапасы бақылауда

13 ақпан 2025 ж. 194

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728