Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда Олимпиада жүлдегерлерін не күтеді?

Қазақстанда Олимпиада жүлдегерлерін не күтеді?

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі қазақстандық олимпиада жүлдегерлеріне қандай сыйлықтар дайындағанын айтты.

Еске салсақ, жарыстың төртінші күніне қарай Қазақстан құрамасының қоржыны екі қоламен толықтырылды. Бірінші медальді дзюдошы Елдос Сметов, ал екіншісін ауыр атлет Игорь Сон иеленді.

Мәдениет министрлігі премьер-министрдің жарлығына сәйкес қола жүлде иелерінің әрқайсысы 70 мың доллардан алатынын айтты. Алтын медаль иегерлері 250 000 доллар, ал күміс жүлдегерлер 150 000 доллар алады.

Мәдениет министрлігі спортшыларды құрметтеумен әкімдіктер айналысатындығын айтты.

– Біз қаржыландыру мәселелерімен айналысамыз. Қалған сыйлықтар аймақтарға, әкімдерге, олардың медаль иелерін қалай құрметтейтініне байланысты, – деп хабарлады министрлік.

Айта кетсек, Токио Олимпиадасының медальдары бүкіл Жапония тұрғындарынан жинап алынған тұрмыстық электроникадан жасалған.
26 шілде 2021 ж. 791 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930