Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда мемлекеттік қызметшілер жасыл алаңда жарысты

Қазалыда мемлекеттік қызметшілер жасыл алаңда жарысты

Қазалыда 23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында футболдан аудандық жарыс өтті. Теңбіл доп додасына мемлекеттік қызметшілерден құралған 9 команда қатысып, өзара бақ сынады.

Топтық кезеңнен сүрінбей шыққан Қазалы ауданы әкімі аппараты, Қазалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы және «Қарақұм» (Қазалы қаласы және Майлыбас, Басықара, Сарыбұлақ, Қызылқұм, Құмжиек ауылдық округтері) командасы бас жүлде үшін таласқа түсті.

Нәтижесінде финалдық кезеңдегі екі ойында да жеңіске жеткен Қазалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының командасы турнир жеңімпазы атанды. Екінші, үшінші орындарды Қазалы ауданы әкімі аппараты мен «Қарақұм» командалары өзара бөлісті.

Турнир қорытындысы бойынша Ерлан Нұржаубаев «Үздік қақпашы», Нүркен Сералиев «Үздік қорғаушы», Алтынбек Жұмағали «Үздік шабуылшы», Нартай Ержанов «Үздік ойыншы» номинацияларымен марапатталды.

Жеңімпаздар мен жүлдегер командаларды аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаев құттықтап, кубок, медальдармен марапаттады.
"ҚАЗАЛЫ"ақпарат


23 маусым 2021 ж. 2 399 0

Еңбегімен елге сыйлы

20 мамыр 2025 ж. 51

Ыбырай атаға арнау

20 мамыр 2025 ж. 54

ШАХМАТТАН ТУРНИР ӨТТІ

20 мамыр 2025 ж. 50

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031