Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Допинг дауы. Спортшылардың еңбегі тағы еш кете ме?

Допинг дауы. Спортшылардың еңбегі тағы еш кете ме?

Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін Қысқы Олимпиада ойындарының басталуына бірнеше күн қалғанда шаңғышыларды  допингке тексеру жұмыстары жүргізіледі. Бұл жайында әлемдік БАҚ хабарлайды.
Осы уақытқа дейін жүздеген шаңғышылар жарыс алдында қан қысымының жоғары болуына қарамастан жарыстан шеттетілмей келген. Осы мәселені қозғаған британиялық The Sunday Times газеті мен немістің ARD телекомпаниясы мәліметтер базасынан спорттың екі мың түрінен қатысқан  10 мың спортшының  қан анализін алды.
2001 жылдан бері Әлем чемпионаты мен Олимпиада ойындарын есептегенде әрбір үшінші медальді алған спортшының қан сараптамасы күдік тудырып отыр. Оның ішінде  алтын медаль алған 91 спортшы да бар.
Допинг қолданудан Ресей басқа елдердің алдына түсіп, көш бастап тұр. Сол себепті биыл Ресей спортшылары өз елінің атынан жарысқа қатыса алмайды. 
"Жұмада Пхенчханда қысқы Олимпиада ойындарының басталуына бірнеше күн қалғанда допинг дауы қайта қозғалуы мүмкін",- деп жазады Sunday Times.
Басылымның мәліметінше, биылғы Оңтүстік Кореядағы жарысқа қатысатын 50 шаңғышының қан құрамы 2001-2010 жылдар аралығында допинг қолданған деп танылғандар. Алайда олар осы уақытқа дейін әшкереленбей келген.
qamshy.kz
05 ақпан 2018 ж. 1 463 0

Тілге құрмет – елге міндет

13 қыркүйек 2025 ж. 39

Тұрғындар тілегі назарда

13 қыркүйек 2025 ж. 30

Алқаптағы алғашқы орақ

13 қыркүйек 2025 ж. 27

Бішкекте жер сілкінді

12 қыркүйек 2025 ж. 136

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930