Қазақтың тұңғыш Олимпиада чемпионы Астанаға келеді

Жоспар бойынша Ә.Жармұхамедов балаларға баскетболдың қыр-сырын үйретеді. Одан кейін Олимпиада чемпионы балалармен бірге «Движение вверх» атты фильмнің жабық көрсетіліміне қатысады. Аталған картинада 1972 жылғы Олимпиада кезінде КСРО баскетболшыларының жеңісі жайында баяндалады.
Айта кеткен жөн, 1972 жылы Мюнхенде КСРО мен АҚШ-тың арасында тарихи финалдық матч өткен болатын. Сол ойында Кеңестер Одағының баскетболшылары соңғы үш секундтың ішінде Америка құрамасын жеңген еді. КСРО-ның құрамында Әлжан Жармұхамедов та болды. Қазіргі кезде қазақ чемпионы Мәскеуде тұрады.
inform.kz