Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұңғыш Президент күні қалай тойланды?

Тұңғыш Президент күні қалай тойланды?

Бейсенбі күні ауданымызда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Кемеңгер көшбасшымен – келелі келешекке» тақырыбында мерекелік шара өтті.
Салтанатты шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранынан бастау алды. Мерекелік жиынның алғы сөзін алған «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қасқырбек Мәмбетжан аталмыш шараның мән-маңызына тоқталып, мерекелік лебізін білдірді.
Жиын барысында жақында ғана мәресіне жеткен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты тарихи мақаласы аясында «Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен «Отан қуат – Отбасы шуақ» тақырыбымен жас отбасылар арасында өткен сайыстың марапаттары табысталды. Жарыс қорытындысы бойынша байқаудың бас жүлде иегерлері, үздік отбасы, жарасымды жұп ретінде Ғазиз Омаров пен Динара Ақниетова танылды.
Партия жанынан құрылған 36 бастауыш, 149 топтық ұйым бойынша партия мүшелерінің саны 5500-ге жетіп отыр. Осыған орай Тұңғыш Президент күні қарсаңында, «Нұр Отан» партиясының қатарына жаңадан қабылданған мүшелеріне жаңа үлгідегі партиялық билеттер табысталды.
Мерекелік шарада партия белсенділері марапатсыз қалмады. Қадиша Жолдыбай, Еркін Құсан және Раушан Теңізбаеваға «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалының «Алғыс хаты» табысталса, тағы бірнеше партия мүшелері «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының «Алғыс хатын» алды.
Жиынды қорытындылай келе, шара қонақтары өздерінің Елбасыға деген жүрекжарды лебіздерімен бөлісіп, естелік суретке түсті. Мерекелік жиын әсем әнмен тәмәмдалды.
* * *
Сәрсенбінің сәтті күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай аудандық балалар кітапханасында «Ұрпаққа өнеге Елбасы және ел шежіресі» тақырыбымен поэзия сағаты болды.
Шарада сөз алған аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Айна Айтжанова мерекенің мән-маңызын түсіндіріп, Елбасының елеулі еңбегіне тоқталып өтті. Одан әрі, Б.Мергенбаев атындағы №226 гимназияның оқытушысы Маржан Ерекешова дайындаған оқушылар хормен ән шырқады. Елбасына арналған жүрекжарды жырларын тыңдарман назарына ұсынды. Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейдің даярлық тобының кішкентай бүлдіршіндері Перизат Жамбыл мен Айкүн Тұрсын патриоттық сарындағы жырларын оқыды.
Поэзия сағаты Елбасы туралы ұранды сөздермен қорытындыланды. Шараға атсалысқан мектеп оқушылары мен жетекшілері «Алғыс хатпен» марапатталды.
* * *
Әйтеке би кентіндегі «Жалаңтөс баһадүр» атындағы орталық стадионда 29-30 қараша аралығында 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай жасөспірімдер арасында шахматтан аудандық жекелей жарыс өткізілді.
Шараға шахматтан аудан бойынша барлығы 9 мектептен 24 оқушы қатысып, өзара бақ сынасты. Нәтижесінде №226 мектеп гимназияның оқушысы Әлішер Орысбай жеңіс тұғырынан көрінді. Ал №70 орта мектептен Дидар Тасболат екінші орынды иемденді. Үшінші орынды №16 орта мектеп атынан шыққан Нұрхан Қалымбет пен Сұлтан Валиев қанжығасына байлады.
Қыздардан №266 мектеп-лицей оқушысы Нұрсезім Оңғарбек мықтылығын дәлелдеп, бірінші орынды жеңіп алды. №16 орта мектептен Аяулым Оспан екінші орынды қанағат тұтты. Ал №70 орта мектеп және №226 мектеп гимназияның оқушылары: Жания Изатолла мен Айлуна Сейілханға үшінші орын бұйырды.
Жеңімпаз командаларды аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұрлыбек Есбосынов және Қазалы аудандық шахмат федерациясының президенті Құбыл Ршымбетов құттықтап, арнайы Алғыс хаттармен марапаттады. Сондай-ақ, жүлдегерлерге медальдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Мерекелік сайыстың жоғары деңгейде өтуіне Қазалы спорт клубынының шахмат үйірмесінің жетекшісі, бас төреші Әбдірейім Шүренов сүбелі үлесін қосты.
* * *
Қазалы қалалық мәдениет үйінде «Тарих. Елбасы» атты мерекелік кеш өтті. Шара барысында қала тұрғындарын Қазалы қаласының әкімі Р.Ізтілеу, денсаулық сақтау саласының ардагері С. Өтегенов, Ғани Мұратбаев мемориалдық музейінің қызметкері И.Галиуллина құттықтап, тілектерін арнады.
Қала әкімі Р.Ізтілеу көп балалы аналар Әлия Әйімбетова, Марал Шонықбаева, Кәмшат Қараева, Қалдыгүл Өтемұратоваға күміс алқа, қаланың көркейіп, гүлденуіне атсалысып жүрген бірқатар азаматтарға «Қазалы қаласы атауына – 150 жыл» медалдарын тақты. Әр сала мамандарын қала әкімінің «Алғыс хатымен» марапаттады.
Салтанатты шара концерттік бағдарламаға ұласып, өнерпаздар патриоттық тақырыптардағы әндер мен термелер орындап, өнерлі оқушылар қазақ биін биледі.
Мерекелік жиынға жиналған жұртшылыққа Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолынан сыр шертетін фотосуреттер, Президент туралы жазылған кітаптар, қызмет жолындағы еңбектері жинақталған «Бәйтерек тұлға – Елбасы» кітап көрмесі ұсынылды.
* * *
Ғани Мұратбаев атындағы мемориалдық музейінде 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай «Елбасым – мақтанышым» тақырыбында танымдық шара өтті.
Оған Қазалы қаласы әкімдігі аппаратының бас маманы Ө.Өтегенов, қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары К.Баймұратов, қала жастарының көшбасшысы Ж.Жұбанғанов қатысып, мерекелік құттықтауларын жеткізді.
Танымдық шарада музей жанынан ұйымдастырылған «Жас ғанитанушылар» үйірмесінің мүшелері Елбасы, Отан, туған жер туралы әдеби монтаждар оқып, ұлттық ән айтып, би биледі. Елбасы туралы видеоролик, слайд көрсетілді. Жиналғандар «Болашақты болжаған Елбасы» атты виртуалды көрмені тамашалады.
Танымдық шараны музей директоры Р.Асанова қорытындылады.
* * *
Қазалы ауданында Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай мектеп оқушылары арасында «Елі еріне, ер еліне сенген ұлы тұлға Елбасы» тақырыбында интеллектуалдық ойын өтті. Шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойындағы патриоттық сезімін ояту.
Танымдық ойында мектеп оқушылары география, Қазақстан тарихы, ағылшын тілі пәндері мен логикалық есептерден ой таластырып, білімдерін байқатты. Сайыс қорытындысымен №70 мектеп оқушысы Жасұлан Әбибулла жеңімпаз атанды. Екінші орынды №249 мектеп-лицей оқушысы Нұрбек Ахмет, үшінші орын №165 мектеп оқушысы Гүлшат Омаралы иеленді.
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ,
Айнұр ЖИЫЛЫСҚЫЗЫ,
Ұлболсын ЕРБОЛҚЫЗЫ.

05 желтоқсан 2017 ж. 45 616 855

can i buy generic paxil prices от 19 маусым 2024 07:46
Meds information. Short-Term Effects. can i buy generic paxil prices All news about medicament. Get here.

colchicine vidal от 19 маусым 2024 13:22

Войти на Складчик от 19 маусым 2024 17:03
складчик вход https://vc.ru/u/741426-klub-skladchik

STomaserak от 19 маусым 2024 20:43
you'll have a boner all night ---> http://zi.ma/uh7cgb/

where to buy cheap ipratropium от 19 маусым 2024 23:07
Meds information for patients. Generic Name. where to buy cheap ipratropium Best trends of medicines. Get here.

where buy celexa от 20 маусым 2024 06:33

can i purchase lyrica pills от 21 маусым 2024 03:47
Medicament information. Short-Term Effects. can i purchase lyrica pills Actual news about meds. Get here.

where buy atomoxetine pills от 21 маусым 2024 11:47
Drugs information for patients. Long-Term Effects. where buy atomoxetine pills All information about medicines. Get now.

cost generic nortriptyline for sale от 21 маусым 2024 13:51
Drugs information leaflet. What side effects? cost generic nortriptyline for sale Some about drugs. Read now.

order loperamide no prescription от 22 маусым 2024 00:18
Medicines information for patients. Long-Term Effects. order loperamide no prescription Actual trends of medication. Read now.

can you get clomid without insurance от 22 маусым 2024 04:32
Meds information leaflet. Long-Term Effects. can you get clomid without insurance Best news about medication. Read here.

generic kamagra for sale от 22 маусым 2024 06:29
Meds information. What side effects? generic kamagra for sale All about medicines. Read information here.

can i get coumadin prices от 22 маусым 2024 12:21
Medicament information sheet. Cautions. can i get coumadin prices Best what you want to know about medicine. Read information here.

warfarin order от 22 маусым 2024 16:15
Drugs information sheet. Brand names. warfarin order All about medicine. Get here.

prednisone information for patients от 23 маусым 2024 03:15

Williamsoutt от 23 маусым 2024 07:52
Bs2site - Bs2best, Bs.gl

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30