Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кемшілікке кеңшілік берілмейді

Кемшілікке кеңшілік берілмейді

Бүгінгі күні елде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әрекеттері ерекше қарқын алғаны белгілі. Мемлекет басшысының күн тәртібіне қойған негізгі мәселелерінің бірі де осы. Сол себепті тиісті орган өкілдері пара алу және беру оқиғаларын, азаматтар мен кәсіпкерлерге негізсіз қысым көрсету жағдайларын, мемлекет қаржысының заңдылыққа сәйкес жұмсалуы сияқты мәселелерді қатаң бақылауға алған.
Мониторинг жұмыстарының нәтижесінде Әйтеке би кенті әкімдігі тарапынан жіберілген кемшіліктер анықталған. Бұл туралы дүйсенбі күнгі кент әкімдігінде өткен жиында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының облыстық департаментінің Батыс аймағы бойынша ауданаралық басқарма басшысы Сәруар Кенжебеков айтты.
Басқарма басшысының ұсынуын талқылауға кент әкімі Жарасхан Мұратбаев, орынбасары Айбурана Айтбайқызы мен кент әкімдігі бөлімдерінің жауапты мамандары қатысты. Онда мекеменің мемлекеттік сатып алу жұмысы барысында жіберген кемшіліктері сынға алынды.
– Сіздердің тарапыңыздан мемлекеттік сатып алу өткізіліп, келісімшарт жасалған. Алайда жұмыс мұнымен бітпей, өткен жылдың мемлекеттік сатып алу келісімшартының барлығында қосымша келісімшарт жасалған. Бұлай жұмыс істеу дұрыс емес. Әрине бұл сыбайластық болды деген сөз емес. Бірақ осындай жағдай анықталар болса, заң алдындағы жауапкершіліктен бөлек, өмір бойы мемлекеттік қызметтен шеттету жазасы қолданылатынын айта кетсек артық болмас, – деді С.Бегалдинұлы.
Бұдан соң жиылғандар тарапынан мемлекеттік сатып алу конкурсын жеңіп алған кәсіпкерлерге жұмыстың жоспарлы жүріп жатқандығын анықтау үшін аралық тексеріс жүргізу туралы ұсыныс айтылды. Сондай-ақ алдағы уақытта мемлекеттік сатып алу конкурстарын өткізу барысында заңдылықтардың қатаң сақталуы мен сатып алу барысында жеткізілген тауар мен жұмыстың тиісті деңгейде орындалуын қадағалау кент әкімінің орынбасары А.Айтбайқызына жүктелді. Ал мемлекеттік конкурсты өткізу жұмысына жауапты мамандарға шара көрілетін болады.
Ринат ҚАЙРАТҰЛЫ

03 мамыр 2019 ж. 1 486 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 142

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 120

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 105

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 112

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 104

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031