Жемқорлыққа қарсы мылтықсыз майдан ашайық
Қазақстан тәуелсіздік алған кезден бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті мемлекеттің бірінші кезектегі міндеті етіп қойды. Кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте іс-қимыл жүйесін жасауда, заңнамалық база әзірлеуде еліміз көшбасшылық жағдайды иеленіп отыр.
Еліміздегі сыбайлас жемқорлық қатерлерін төмендетуге, мемлекеттік органдар қызметіне қоғамның сенімін арттыруға бағытталған қоғамдық бақылаудың тетіктерін енгізе отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл жасау мемлекет пен қоғамның негізгі міндеттерінің бірі.
Сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне «Нөлдік» төзімділік ахуалын қалыптастыру «Нұр Отан» партиясының да маңызды бағыттарының бірі ретінде белгіленген. Бүгінгі аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссиясының өткізіп отырған отырысы сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы тәсілдің бірі болып табылады.
Бұл бағытта, «Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясының, «Партияның 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының орындалуы бойынша жұмыстарды атқарып келеді. Кеңес отырыстарында мемлекет қаражатының жұмсалуы, кәсіпкерлікті дамыту, мемлекеттік қызметтердің сапасы, құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, білім, денсаулық, мәдениет және спорт салалары басшыларының атқарған жұмыстарының есептері тыңдалып, тиісті ұсыныстар беріліп отырады.
Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес мемлекеттік органдармен, оның ішінде аудандық прокуратура, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл күрес агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің батыс аймағы бойынша ауданаралық бөлімі, АІІБ аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы, жұмыспен қамту орталығы, «Халық» банкімен бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес жұмыстар жүргізіп, ауылдық округтерде Әйтеке би кенті және Қазалы қаласында болып, халықпен кездесулер өткізіп келеді. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес 2017 жылы аудандық партия филиалында 5 кеңес отырысын, халыққа қызмет көрсету орталығымен және басқа да мекемелермен бірлесіп 18 жиналыс, 16 дөңгелек үстел, 8 қоғамдық қабылдау жүргізіп, 14 азаматтың құқықтарының қорғалуына белсенді үлес қосса, 2018 жылдың 7 айы бойынша аудандық партия филиалында 2 кеңес отырысын, мекемелермен бірлесіп 2 семинар, 4 жиналыс, 5 рет дөңгелек үстел өткізді.
Партияның аудандық филиалында құқық қорғау орган басшыларымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі кеңес мүшелерімен тоқсанына бір рет қоғамдық қабылдаулар өткізу жолға қойылған. 2017 жылы сыбайлас жемқорлыққа жол берген 4 партия мүшесі партиядан шығарылды. Партия мүшелігін тоқтату партия Жарғысының 3.6., 3.8 тармақтары бойынша қаралып, соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен кейін қылмыс жасағаны үшін, жемқорлық әрекеттері үшін партиядан шығарылса, «Нұр Отан» партиясы мүшесінің этика кодексін бұзып, «Нұр Отан» партиясы Жарғысының 3.8. тармағы негізінде партиялық ішкі тәртіпті бұзғаны үшін партиялық жаза қолдану жүзеге асырылды және ол партияның аудандық филиалы партиялық бақылау комиссиясымен қаралады. Сыбайлас жемқорлыққа өз жұмысында жол берген партия мүшелерінің партия мүшелігін тоқтату немесе партия қатарынан шығару жөніндегі шешімді филиалдың Саяси кеңесінің Бюросы қабылдайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының маңызды басым бағыты болып табылады. «Нұр Отан» партиясының «2015-2025» жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы сыбайлас жемқорлыққа төзімсіздікке, оның себеп-салдарын жоюға, оған қарсы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталып отыр және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл баршаның мақсаты деп белгіленген. Осы орайда «Нұр Отан» партиясы елдің келешегі мен азаматтардың лайықты өмір сүруін қамтамасыз ету үшін тарихи жауапкершілікті өз мойнына ала отырып, қоғам мен мемлекеттің күшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымыраға көнбейтін іс-қимылға, оның пайда болу себептерін жоюға жұмылдырып келеді.
Дегенмен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында қолданылып жатқан күш-жігер әлі қалаған нәтижелерді бере алмай отыр және халықаралық рейтингтер Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық деңгейінің әлі де болса жоғары екендігін көрсетеді.
Елбасы атап өткендей: «Мемлекет пен қоғам біртұтас майдан құрып жемқорлыққа қарсы шығуы тиіс. Жемқорлық жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді жоғалтып, ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер болып табылады». Сондықтан баршамыз Елбасы айтқан маңызды міндеттерді сәтті іске асыру үшін өз үлесімізді қосуға, мемлекет мәртебесін жаңа биікке көтеруге және сыбайлас жемқорлықсыз қазақстандық қоғам құруға барынша қолдау көрсетуіміз қажет.
Қасқырбек МӘМБЕТЖАН,
«Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалы
төрағасының бірінші орынбасары