Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа iPhone смартфондары таныстырылды

Жаңа iPhone смартфондары таныстырылды

Apple компаниясы 5,8 дюйм дисплейі бар iPhone XS пен 6,5 дюйм дисплейі бар iPhone XS Max және Apple Watch Series смарт-сағаттарын таныстырды.
iPhone XS пен XS Max смартфондары үш нұсқада болады: сыйымдылығы – 64, 256 және 512 гигабайт. Смартфондар алтын, күміс және сұр түстерде шығарылған. Жаңа смартфондар Қазақстанда 28 қыркүйектен бастап сатылымға шығады.
РИА Новости мәліметінше, iPhone XS смартфондары 999 доллардан басталса, iPhone XS Max 1099 доллардан басталады.
Apple өкілдерінің айтуынша, жаңа смартфондар осыған дейінгі смартфондарға қарағанда 50%-ға жылдамырақ (секундына 5 триллион операция жүргізіледі) жұмыс істейді. Сонымен қатар аккумуляторлары ұзағырақ уақыт жұмыс істейді.
Жаңа модельдерде видео жазу үшін төрт микрофонның болатыны айтылады.
Бұдан бөлек, компаниядағылар Apple Watch Series смарт-сағаттарын таныстырды. Олардың айтуынша, сағаттардың көлемі екі түрлі болады – 40 миллиметр және 44 миллиметр.
baribar.kz

13 қыркүйек 2018 ж. 1 325 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 73

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930