Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бірлігіміз мықты болсын

Бірлігіміз мықты болсын

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласы көңілден шықты. «Біз – біртұтас ел, бірлігі берік жұртпыз. Мен әрқашан халқыммен бірге болғанмын, бұл жолы да сіздермен біргемін» деген Елбасының қанатты сөзі төтенше жағдай кезінде індеттен үрейленіп отырған дүйім жұрттың еңсесін көтеріп тастады.
Қазіргідей ұлт саулығы сынға түскен сәтте Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев баршаны сабырлылыққа, байсалдылыққа шақыра келе бір жұдырықтай жұмыла басқа түскен қиындыққа қарсы тұруға үндейді.
Шыны керек, бүгінге дейін Елбасымен бірге талай қиындықты артқа тастадық. Дегенмен қоғамда орын алып отырған оқиғаға көпшілік әлі де салғырт қарайтын сияқты. Не сенерін, не сенбесін білмей дал болып жүргендер де арамызда. Алайда бізге қазіргі таңда төзімділік, табиғатпен сырласу және оны аялау жетіспейтін іспетті. Неге десеңіз, вирустың таралуы күн санап артып келе жатқанда сабырлық танытып, карантин уақытында үйде отыруға шыдамы жетпейтіндер бар. Отбасы жанында болуды ойламай, жер-жерді кезіп, тыныштық таппайды. Екіншіден, төзімі жетіспеушілер қоғамдағы жағдайдың ақырын күтпестен оңтайлы сәтті пайдаланып жалған ақпарат таратып көп түйткілдің түйінін тарқатуды одан әрі қиындатып отыр. Үшіншіден, адам – табиғаттың ажырамас бөлігі. Өйткені адамсыз табиғатты, табиғатсыз адамды елестету мүмкін емес. Сондықтан әрбір пенде оны қасиет тұтуы керек. Ал көпшілік осының барлығын керісінше жасауға бейім.
Сонымен қатар әдетте жұрт көңілін алаңдатып осындай кезде ел ішіне үрей таратып, байбалам салушылар бәрін өз мүддесі үшін пайдалануға тырысады. Сондықтан халық әртүрлі азғырынды әңгімелерге еруден сақ болған жөн. Шынымен көптің қамын көздейтін адам айғайшыл күшімен емес, игілікті ісімен қызмет еткені дұрыс. Ғайбат пен байбалам орнына ғылым-біліммен шұғылданған абзал. Міне осы жайттарды Елбасы өз сөзінде айтып өткен болатын.
Тағы айта кететіні, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының: «Тәртіпсіз – ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» деген қанатты сөзін еске салған Тұңғыш Президент уақытша дүрбелең кезінде темірдей берік тәртіпті ұстанып, коронавирустан еңсемізді тік ұстап өтетінімізді ескертті.
Ертеректе жасы қырықтан асқан қазақ қарттыққа бет бұрып, немере бағып, елге үлгі боларлық іс атқаруға тырысқан. «Ауылыңда қартың болса, жазылып қойған хатпен тең» деп жасы кішілер оларға құрмет көрсеткен. «Төріңнен қарт кетпесін» деп той-томалақты, жиынды батасыз бастамаған. Бұл үрдіс қазақ арасында әліде болғанымен, сиреп барады. Мұны неге айтып отырмын. Өйткені үлкенге құлақ асу, көпті көрген қарияның айтқанын орындау бүгінгі қоғамда қалып бара жатқанын жасыра алмаймыз. Елжанды Елбасы мақалада осының барлығын астарлап жеткізген. Сондықтан Нұрсұлтан Әбішұлының «Дәл осы тұста, бәрімізге халқымыздың әрдайым үлкенге – құрмет көрсетіп, кішіге – қамқор болатын абзал қасиеттері септігін тигізеді деп сенемін» деген сөзін көңілге түйе жүрейік.
Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Сондықтан бір болсақ, біз бағындырмайтын қамал жоқ. Бұл бойымызға – қажыр, денемізге – қуат, жүрегімізге – сенім ұялатады. Біз қазір көмекке аса мұқтаж қарияларды, ардагерлерді, көпбалалы аналарды, әл-ауқаты төмендерді, жұмысқа жарамсыз жандарды ерекше қамқорлыққа алайық. Халқымыздың бойындағы ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жеткен ең ізгі қасиеттері бізді осыған үндейді.
Әйтеке би бабамыз «Ел мұраты – көрешек, ер мұраты – келешек. Осыларды ойлаған – қоймас түбі сүйінбей» дегенді келтіре отырып Тұңғыш Президентіміз осындай қиын кезеңде адамзат баласы өркениетін сүріндіретін емес, барша әлем халқын сүйіндіретін жаңашылдық қалыптастыру қажет екенін еске салды. Барлық қиындықты ұмытып, уайымға салынбай, тығырықтан шығудың жолын қарастыруымыз қажет.
Қандай түйткіл болмасын өзімен бірге болған елге алғысы мен зор ризашылығын жеткізген дана басшы қай кезде болмасын, қазақ халқымен бірге. Тек уақытша дүрбелең кезінде байбалам салып, асығыстық танытпай, барлығының ақырын күтіп үйде болған жөн. Сіз бен біздің амандығымыз туған-туысқа, отбасымызға, елімізге аса маңызды.
Асылхан ДӘРІБАЕВ,
аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы
14 сәуір 2020 ж. 1 041 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 74

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 69

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930