Көшбасшының көрегендік саясаты
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты «Egemen Qazaqstan» газетінде жариялаған мақаласын интернет арқылы оқыдым. Онда тәуелсіздік жылдарындағы ең қиын кезеңнен қазақстандықтардың қалай шыққандығы еске алынып, бүгінгі күнгі әлем халқының басына төнген індеттен құтылудың басты жолы – баршамыздың сабырлы, байсалды болуымыз керек екендігі айтылған.
Әлем бойынша бүгінде 1,4 миллионнан астам адамды сырқатқа шалдықтырып, он мыңдаған жанның өмірін қиған бұл зауалдың алдын алуда еліміз алғашқылардың бірі болып сақтық шараларына кіріскен. Әлем мемлекеттерімен бірлесе коронавирус дертіне дауа іздеуге күш салынып жатқанын ел-халыққа жеткізіп, ортақ іске баршамызды жұдырықтай жұмыла түсуге үндеген.
Осындай кезең экономика мен елдің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына да оңай тимейді. «Қазақстан-2050» стратегиясы аясында жүргізілген реформалардың, соның нәтижесінде жинақталған Ұлттық қордың бүгінгі қиындықты еңсеруге, әлеуметтік топтарға, кәсіпкерлерге, ауылшаруашылығы мен басқа да салаларға берілетін көмектерге зор ықпалы тиіп жатқаны сөз болған. Тәртіппен, үйлесіммен, нақты жоспармен әрекет етіп, уақытша қиындықтан шығуға барлық деңгейдегі басшыларды күш салуға шақырады.
Рухы мықты, өзіне сенімді адамдар қиындық пен күресе білуі тиіс. Оның ішінде аға ұрпақ пен зиялы қауымға – халықты ынтымаққа, жақсылыққа, ізгі амалдар жасауға, саламатты өмір салтын ұстануға, жаңа өскіндерге – өз қатарлары мен іні-қарындастарын үлкенге – ізетті, кішіге – қамқор, бір-бірімен шынайы сыйласу керектігіне бағыт сілтеген.
Елбасы мақаласынан түйген ойларым мен әсерлерімді ортаға сала отырып, баршаңызды көшбасшының көрегендік саясатына қызу қолдау білдіріп, Жаратқанның сынағынан сүрінбей өтейік дегім келеді.

Шарафадин АЛТЫНБАЙ,
«ШДАМ» қоғамдық бірлестігінің төрағасы,
Қазалы ауданының құрметті азаматы
«ШДАМ» қоғамдық бірлестігінің төрағасы,
Қазалы ауданының құрметті азаматы