Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сындарлы сәтте сенім керек

Сындарлы сәтте сенім керек

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқына үндеу жариялағаны бәрімізге белгілі. «Біз – біртұтас ел, бірлігі берік жұртпыз. Мен әрқашан халқыммен бірге болғанмын, бұл жолы да сіздерге біргемін» деген Елбасының қанатты сөзі төтенше жағдай кезінде індеттен үрейленіп отырған дүйім жұрттың еңсесін көтеріп тастады.
Бүгінгідей ұлт саулығы сынға түскен сәтте Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сөзінің астарына мән берсеңіз, баршаны сабырлыққа, байсалдылыққа шақырғаны қазақ халқын бір жұдырық болып жұмылып басқа түскен қиындыққа қарсы тұру екені анық.
Шыны керек бүгінге дейін Елбасымен бірге талай қиындықты артқа тастадық. Дегенмен бүгінгі күні қоғамда орын алып отырған оқиғаға көпшілік салғырт қарап жүр. Не сенерін, не сенбесін білмей дал болып жүргендер де арамызда. Алайда бізге қазіргі таңда сабырлық, төзімділік, табиғатпен сырласу және оны аялау жетіспейтін іспетті. Неге десеңіз, вирустың таралуы күн санап артып келе жатқанда сабырлық танытып карантин уақытында үйде отыруға шыдамы жетпейтіндер бар. Отбасы жанында болуды ойламай, жер-жерді кезіп, тыныштық таппайды. Екіншіден, төзімі жетіспеушілер қоғамдағы жағдайдың ақырын күтпестен оңтайлы сәтті пайдаланып жалған ақпарат таратып көп түйткілдің түйінін тарқатуды одан әрі қиындатып отыр. Үшіншіден, адам – табиғаттың ажырамас бөлігі деген. Өйткені ол екеуі қатар ұғым. Адамсыз табиғатты, табиғатсыз адамды елестету мүмкін емес. Сондықтан әрбір жер басып жүрген пенде оны қасиет тұтуы керек. Ал қазір көпшілік осының барлығын керісінше жасап жүр. Өкініштісі бүгінгі қоғамдағы картина осы.
Сонымен қатар әдетте жұрт көңілін алаңдатып осындай кезде ел ішіне үрей таратып, байбалам салушылар өз мүдессі үшін пайдалануға тырысады. Сондықтан халық әртүрлі азғырынды әңгімелерге еруден сақ болған жөн. Шынымен көптің қамын көздейтін адам айғайшыл күшімен емес, игілікті ісімен қызмет еткені дұрыс. Ғайбат пен байбалам орнына ғылым-біліммен шұғылданған абзал. Міне осы сынды мен тоқталып өткен жайттарды Елбасы өз сөзінде айтып өткен болатын.
Тағы айта кететіні даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының: «Тәртіпсіз – ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» деген қанатты сөзін еске салған Тұңғыш Президент уақытша дүрбелең кезінде темірдей берік тәртіпті ұстанып коронавирустан еңсемізді тік ұстап өтетінімізді айтты.
Ертеректе жасы қырықтан асқан қазақ қарттыққа бет бұрып, немере бағып, елге үлгі боларлық іс атқаруға тырысқан. «Ауылыңда қартың болса, жазылып қойған хатпен тең» деп жасы кішілер оларға құрмет көрсеткен. «Төріңнен қарт кетпесін» деп той томалақты, жиынды батасыз бастамаған, қариялардан бата алуға тырысқан. Бұл үрдіс қазақ арасында әліде болғанымен, сиреп барады. Мұны неге айтып отырмын. Өйткені үлкенге құлақ асу, көпті көрген қарияның айтқанын орындау бүгінгі қоғамдағы қазіргі сәтте қалып бара жатқанын жасыра алмаймыз. Елжанды Елбасы үндеуінде осының барлығын астарлап жеткізген. Оған дәлел мына бір Нұсұлтан Әбішұлының «Дәл осы тұста, бәрімізге халқымыздың әрдайым үлкенге – құрмет көрсетіп, кішіге – қамқор болатын абзал қасиеттері септігін тигізеді деп сенемін» деген сөзі.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демей ме қазақта. Сол секілді бір болсақ, біз бағындырмайтын қамал жоқ. Сонымен қатар, адамның өзіне деген сенімі – үлкен күш. Бұл бойымызға – қажыр, денемізге – қуат, жүрегімізге сенім ұялатады. Біз қазір көмекке аса мұқтаж қарияларды, ардагерлерді, көпбалалы аналарды, әл-ауқаты төмендерді, жұмысқа жарамсыз жандарды ерекше қамқорлыққа алуымыз керек. Халқымыздың бойындағы ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жеткен ең ізгі қасиеттер бізді осыған үндейді. Міне осының барлығы үндеуде кездеседі. Бірақ мұның барлығын бірдей орындап жатқандар аз. Олай дейтінім қазір бір-бірімізге деген сенім кетіп, қара бастың қамы үшін сен тимесең, мен тимейміннің керін келтіріп жүрміз. Өз басымызға іс түскенде ғана шырылдап, айналадағыларға азда болса қол ұшын созуға қауқарсызбыз.Осының салдарынан Абай атамыздың «Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең – істің бәрі бос» деген нақыл сөзін ұмытқан секілдіміз.
Әйтеке би бабамыз «Ел мұраты – көрешек, ер мұраты – келешек. Осыларды ойлаған – қоймас түбі сүйінбей», – деп кейінгі ұрпаққа осы бір сөзін қалдырды. Неліктен? Себебі Тұңғыш Президентіміз осындай қиын кезеңде адамзат баласы өркениетін сүріндіретін емес, барша әлем халқын сүйіндіретін жаңашылдық қалыптастыру қажет екенін еске салды. Барлық қиындықты ұмытып, сарыуайымға салынбай, тығырықтан шығудың жолын қарастыруымыз керек. Үндеуді әрбір қазақ баласы оқып, ондағы айтылған сөздерден нәтиже шығару қажет. Жастарға, жаңа өскінге, кәсіпкерлерге арнайы тоқталған әңгімені қарап, «Бірлік жоқ жерде – тірлік жоқ», екенін естен бір сәт ұмыт қалдырмау қажет.
Қандай түйткіл болмасын өзімен бірге болған елге алғысы мен зор ризашылығын жеткізген дана басшы қай кезде болмасын, қазақ халқымен бірге. Тек уақытша дүрбелең кезінде байбалам салып, асығыстық танытпай, барлығының ақырын күтіп үйде болған жөн. Сіз бен біздің амандығымыз туған-туысқа, отбасымызға, елімізге аса маңызды. Нақтысында Елбасы өз үндеуінде бізге осыларды жеткізгісі келген секілді. Біріміз бәріміз үшін бірлесе атсалысып, қауіпті індеті бірге жеңейік.
Асылхан ДӘРІБАЕВ,
Аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы
12 сәуір 2020 ж. 1 239 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 77

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930