Сын сағатта сыр бермейік
Дүние жүзінде қауіпті дерттің таралуына байланысты қазір бүкіл әлем өте күрделі ахуалды бастан өткеруде. Осы орайда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев барша халыққа байыпты пікірін жеткізіп, сын сағатта сүрінбей, бірлігі бекем ел екенімізді көрсетуге шақырды. Қысылтаяң шақта үнемі халықпен бірге екендігін тағы да дәлелдеді.
Елбасы қиын-қыстау сәтте қаражаттың да, материалдық ресурстың да, азық-түлік пен техника да жеткілікті екенін айтып, күпті көңілдерге сенімділік ұялатты. Қоғамның әр буынын, әр саласын, оның ішінде Үкімет пен жергілікті атқару органдары, әр министр, әрбір облыс, қала және аудан басшыларын, кәсіпкерлер мен жастарды, сондай-ақ Nur Otan партиясының мүшелері осы бір сауапты істе ерекше жауапкершілікті сезінуге септігін тигізері анық.
Елбасы мемлекеттің бұл қиындықтан шығу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынына, бірде-бір азаматтың қорғаусыз, қамқорлықсыз қалмайтынын ашық мәлім етті.
Нұрсұлтан Әбішұлы «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» мақаласында Төле бидің «Бірлік жоқ жерде – тірлік жоқ» деген орынды сөзін орайлы түрде келтіріп, бұл қиындықтан шығудың жалғыз жолы ынтымақ екенін айқындап берді. Біз төріне ту тігіп, әлемге танылған елміз. Тамыздай тамылжыған тұрақтылық пен уыздай ұйыған бірлігіміз бар. Қиындықты бәріміз бір халық, бір қоғам болып міндетті түрде еңсеріп шығамыз.
Сондықтан осындай ауыр уақытта бәріміз сабыр сақтап, тәртіпке бағынуымыз керек. Біз осы жаһандық кеселге қарсы тұру үшін мықты екенімізді көрсетіп, халқымыздың жарқын болашағы жолындағы барлық қиындықтарды бірге еңсереміз. Сын сағатта сыр бермей, бір-бірімізге сүйеу бола білейік!

Қасқырбек МӘМБЕТЖАН,
«Nur Otan» партиясы аудандық
филиалы төрағасының бірінші орынбасары
«Nur Otan» партиясы аудандық
филиалы төрағасының бірінші орынбасары