Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жастар үн қосты

Жастар үн қосты

«Достық үйінде»  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауынан туындаған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында облыс жастарының актив отырысы өтті.
Шараға «Рухани жаңғыру» орталығының бөлім меңгерушісі Әлима Әбдіхалықова, «Қоғамдық келісім» КММ директоры Уәлихан Ыбраев, жастар ұйымдарының жетекшілері, оқу орындары мен кәсіпорындардағы жастар ісі жөніндегі комитет жетекшілері, қала және аудандық жастар ресурстық орталықтарының дирек­торлары, ҚХА жанындағы облыстық жастар қанатының мүшелері және белсенді жастар қатысты.
Жиында «Білім беру мекемелеріндегі, оның ішінде қала мектептеріндегі жан басына қатысты қаржыландыру жүйесі» атты тақырыпта Әлима Әбдіхалықова баяндама жасады. Онда Елбасы Жолдауының халық арасында кеңінен насихатталып, орындалуы үшін облыс жастарының қосар үлесі зор екенін баса айтты. «Жастар – біздің ертеңіміз, болашағымыз. Сондықтан да еліміздің дамыған елдер қатарына еніп, экономикалық, әлеуметтік салада ілгерілеуі үшін жастарымыз да аянып қалмау керек»,-деді Ә.Әбдіхалықова. Сонымен бірге шарада Уәлихан Ыбраев «Үш тілділік саясаты және латын қарпіне көшудің маңыздылықтары» және Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дің Бизнес инкубатор жетекшісі Жандос Оразмаханов «Технопарктер мен бизнес инкубаторларды құру және дамыту» тақырыптарында хабарлама жасады.   Жалпы, жастар мәселесі қай кезде де күн тәртібінен түскен емес. Басты мақсат – адами капиталды нығайту. Адами капиталды нығайту арқылы дамыған елдердің қатарына қосыларымыз анық. Бұл ретте жас ғалымдардың атқарып жатқан жұмыстары  да үлкен маңызға ие.
Актив отырысында жастар Жолдауға қатысты өз ойларын білдірді.
Сара  АДАЙБАЕВА,
«Сыр бойы».
21 қаңтар 2018 ж. 1 423 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930