Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жолдаудың артар жүгі зор

Жолдаудың артар жүгі зор

Қазалы ауданы білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ жанынан құрылған «Серпін» жастар кеңесінің мүшелері мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы дәстүрлi «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауымен танысып, талқыға салды.
Құрылғанына аз ғана уақыт болса да жастар арасында жасампаздық жолын ұстап, аудан бойынша мектеп пен балабақшада қызмет істейтін жастардан құрылған бұл кеңестің Жолдаудан күтер үміті зор және осы жолдауда айтылған нақты міндеттерді орындауда ерекше күш-жігер танытатындығына сенімді.
Кеңес мүшесі Ж.Бердалы Ұлт көшбасшысының биылғы жарқын Жолдауын таныстыра отырып, Елбасының жүзеге асырылуға тиіс 10 негізгі міндетіне тоқталды және адамзаттың жаңа өнеркәсіптік революция дәуіріне аяқ баса отырып, әлемдегі аса дамыған 30 елдің қатарына ену үшін мүмкіндігіміздің бар екендігін атап өтті.
Жолдауда: «Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді. Біздің ұзақ мерзімді мақсаттарымыз өзгеріссіз қала береді. Қажетті бағдарламалардың барлығы бар. Бұл Жолдау жаңа әлемге, яғни Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындайды», – деп алға қойған мақсатқа жету жолдарын көрсеткен.
Жолдауды талқылау барысында сөз алған, кеңес мүшесі Н.Қожахмет: «Оқытудың мазмұндылығы заманауи техникалық тұрғыдан қолдау көрсету арқылы үйлесімді түрде толықтырылуға тиіс. Цифрлық білім беру ресурстарын дамыту, кең жолақты интернетке қосу және мектептерімізді видеоқұрылғылармен жабдықтау жұмыстарын жалғастыру қажет. Жұмыс берушілерді тарту арқылы және халықаралық талаптар мен цифрлық дағдыларды ескере отырып, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын жаңарту керек», – дей келе Мемлекет басшысының ойын толықтай қолдайтындығын жеткізді.
Біздер, бүгінгі заман тұтқасы жастар, Елбасының халыққа арнаған Жолдауынан мақсатымыз анық, болашағымыз нұрлы, әл-ауқатымыз жақсы болады деген сенiмдемiз. Елбасының көрегендi саясатына сенiм артып, дамыған Қазақстанды құруда өз үлесімізді қосамыз деп үмiттенемiз.
Талант НҰРМАХАНОВ,
№182 орта мектеп директорының
бағдарлы оқыту жөніндегі орынбасары.
31 қаңтар 2018 ж. 1 203 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 33

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930