Мемлекетке опасыздық жасаған ғалым
Алматы қаласындағы мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер бойынша сотымен 1956 жылғы Сыроежкин Константин Львович "Мемлекетке опасыздық жасау" бабы бойынша кінәлі деп танылып, 10 жылға сотталды. Сондай-ақ, сот оны Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырды", - делінген ресми хабарламада.
Ол қауіпсіздігі максималды қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтейтін болады.
"Негізгі жаза мерзімін өтеп болған соң, ҚР Қылмыстық кодексінің 51-бабына сәйкес Константин Сыроежкин Қазақстан Республикасы аумағынан мәжбүрлі түрде шығарылады және ол ел аумағына 5 жыл бойында кіре алмайды", - деді сот өкілдері.
Үкім заңды күшіне енген жоқ. Айта кетейік, Константин Сыроежкин 2019 жылы ақпанда қамауға алынған.
Ашық дереккөздер бойынша, Константин Сыроежкин - тарих ғылымдарының кандидаты және саяси ғылымдарының докторы. 1995-2000 жылдары Қазақстан Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары қызметін атқарды. 1997 жылы Kazakhstan ақпараттық-талдау орталығының "Қытай, Орталық, Оңтүстік-Шығыс Азия" бағдарламасын үйлестірген. 2003-2006 жылдары талдау орталығын басқарды және инвестициялардың тиімділігін зерттеу жөніндегі агенттіктің жетекші сарапшысы болды. 2006 жылдан бастап Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері болып жұмыс істеген.