Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Свет, газ, айлық жоқ": Мөлдір Әуелбекова нан сатып күн көрген ауыр күндерін еске алды

"Свет, газ, айлық жоқ": Мөлдір Әуелбекова нан сатып күн көрген ауыр күндерін еске алды

Мөлдір Әуелбекова қиын кездерін еске алып, қалай күн көргенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі әншінің әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.

Өнер иесі өзінің балалық шағын ой елегінен өткізіп, нан тасып сатып күн көргенін жасырмады. Жарық, газ, айлық жоқ адамдардың жан бағып, өлместің амалын жасап жанталасқанын жазды ол. Бүгінгі күніне алғыс айтқан әнші нанға кезекке ерте тұрмай аш қалатынын да ашып айтты. 
«Жобалап 90-жылдардан бергі перестройка кезі. Ата-анамыз айлап жұмыстан қаламақысын алмайтын кез. Мектепке барсаң кейбір оқушыларда дәптері жоқ кез. Көлік, автобусты қоя салшы, тек жаяу жүретін кез. Нан, сүтті көшеде таңғы 5-тен кезекте тұрып талонмен алатын кез. Одан кешіксең қалмайды, аш қаласың, өйткені жоқшылық кез. Естеріңізде ме? Жарық жоқ, газ жоқ, айлық жоқ, дым жоқ», - деп еске алды ол. 
Әуелбекова жастайынан еңбекке баулып өскен ата-анасына алғысты. Адал еңбек пен төккен тердің адамға жақсылығын әкелетінін айтып ерекше сезімге бөленді ол.
«Этаж үйдегілер есік алдына шығып көршілер бірігіп кірпішпен пеш соғып, ағашпен от жағып кезектесіп, сол ошаққа тамақ пісіріп үйге алып кіретін кез. Высший сорт ұн емес 2-сорт ұнмен нан пісіретін кез. Біздің мөлтек ауданында кішкентай базарчик бар. Сол базарчикте әпкем лепешка сатады, ол лепешканы анашым үйде пісіреді, ал мен болсам оны жүгіріп жүріп әпкеме базарчикке таситынмын. Қайран кездер-ай. Жоқ екен деп үйде жата бермей ата-анамның бізді сол кезден-ақ еңбекке баулығанына ризамын!» - дейді өнер иесі.
16 мамыр 2019 ж. 2 206 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930