Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Камшатты сахнадан қуу керек" - Мақпал Жүнісова шешініп ән айтатындарды сынға алды

"Камшатты сахнадан қуу керек" - Мақпал Жүнісова шешініп ән айтатындарды сынға алды

Мақпал Жүнісова жалаңаш денесін көрсетіп ән айтатындар туралы пікірін білдірді.

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова жартылай шешініп, ел алдында өнер көрсететін әнші қыздарды сынға алды. Ол, елдің ыстық ықыласын алу үшін шешініп емес, әніңмен көңілін табу керек деп біледі. Мақпал Жүнісова бұл жайына HitТV арнасына берген сұхбатында ашып айтты.

Сахна мәдениеті мен отандық телеарналардың тәртібіне қатаңдық енгізу керек деп білетін жезтаңдай әнші, жалаңаш денесін жалпақ жұртқа көрсеткендерді әнші деп санамайды екен.

«Қазір барлығы төсекте жатып, шешініп тастап, құшақтасып, сүйісіп, қалғанның барлығын көрсетіп шықты. Енді оның бәрі ұят нәрсе. Оны өнер деп, мен санамаймын. Шешініп тастап, барлығын көрсетіп халықтың алдына шығу ол, өнрге жатпайды. Сен халықты қаратқың келсе, әніңмен, өнеріңмен қарат. Түсіндіңіз бе? Ал, мынаның бәрін шешіп тастап, жата салу шеше салу ол әдетке айналып кетпесе болар еді», - деп сахнада жүрген сіңілілерін сынап алды.

Өскелең ұрпақтың болашағына алаңдайтын әншінің сөзін оқырмандар да қолдайды. Көпшіліктің ойынша, бұл бассыздыққа жол беріп жүргендердің бірі Кәмшат Жолдыбаева екен.

«Камшат Жолдыбаевадан бастау керек»,«Камшаттан басқа ешкім көтін көрсетіп жүрген жоқ. Жанар Дұғаловамен олар жетімдер үйінен бе? Осы әке-шешесі, ағайын – бауыры бар ма екен? Текті ұрпақтың ішіне кірмейді-ау»,«Камшатты сахнадан қуу керек шошңдата бермей», «Камшат Жолдыбаеваға осы сөзді айту керек»,- деп Кешю тобының экс солистін басты назарға алды оқырмандар.
06 мамыр 2019 ж. 2 904 0

Мәдени мұра

18 сәуір 2024 ж. 68

Жанға жайлы демалыс

18 сәуір 2024 ж. 70

Қалдықсыз болашақ

18 сәуір 2024 ж. 55

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930