Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Гимнаст қыз аса күрделі трюк кезінде екі аяғын сындырып алды – жантүршігерлік видео

Гимнаст қыз аса күрделі трюк кезінде екі аяғын сындырып алды – жантүршігерлік видео

Жарыс кезінде аса ауыр жарақат алған гимнаст спорттық карьерасын тәмәмдауға мәжбүр болды.

АҚШ-тың Батон-Руж қаласындағы жарыста гимнаст қыз Саманта Керио аса күрделі трюк жасаймын деп мертігіп қалды, деп хабарлайды Lad Bible.

Жарысқа қатысып жатқан бойжеткен күрделі трюкті орындау кезінде биікке секіріп, өкінішке орай, жерге дұрыс түспей, қос тізесін сындырған. Жантүршігерлік жарақат алған Самантаны зембілге салып алып кетті.

Кейінірек БАҚ растағандай, гимнаст қыз шынымен екі аяғын да сындырып, қос тізесін шығарып алған. Бапкері Джефф Граба болған жайтты көргенде төбе құйқасы шымырлағанын айтады. Бірақ жас қыздың мінезі өжет екен, жаны қиналып жатса да, бапкерінен жарысқа қатысып жатқан басқа гимнастардың жанында болуды өтінген.

Өкінішке орай, оқыс оқиғадан кейін Саманта Instagram желісіндегі жеке парақшасында соңғы рет жарысқа қатысқанын жазды.

«18 жыл спортпен шұғылданып, енді өмірімнің осы кезеңін аяқтамақпын. Гимнастиканың арқасында жеткен жетістігімді мақтан тұтамын. Осындай жандармен бірге жаттығып, университетімнің намысын қорғағаныма разымын. Рахмет!», — делінген гимнастың постында.

Енді бойжеткен ұзақ уақыт емделуі тиіс. Желі қолданушыларының бәрі оның тез сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
09 сәуір 2019 ж. 1 179 0

Мектептегі мұражай

30 сәуір 2024 ж. 186

Туған өңір - тұнған өнер

29 сәуір 2024 ж. 128

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031