Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматыда 24 жастағы әйел наркоздың кесірінен қайтыс болды

Алматыда 24 жастағы әйел наркоздың кесірінен қайтыс болды

24 жастағы Ақбота Жалмұратова наркоз салғаннан кейін қайтыс болған. Әйел түймешектерді алдыртып тастау үшін ота жасатқысы келген. Алайда, арудың жағдайы анестетикті салғаннан кейін нашарлап кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Әйел қайтыс болған жекеменшік ауруханада кепілдіктің белгілі бір көлемінде тегін медициналық көмек көрсетілмейді екен. Басқармадағылар ішкі істер органдарының осы іске қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастап кеткенін айтты.

Жекеменшік перзентханаға келген әйел мекеме тарапынан туындаған себептердің салдарынан көз жұмған.

Себепті объективті тұрғыдан қарастыру үшін материалдар Алматыдағы қоғамдық денсаулықты қорғау департаментіне берілді. Денсаулық сақтау басқармасындағылар науқастың неден қайтыс болғанын толықтай зерттеп, зерттеуге білікті мамандарды тартуға уәде береді, — деп жазылған басқарманың хабарламасында.

Дегенмен денсаулық сақтау басқармасының жекеменшік мекемелердің жұмысын бақылауға құқығы жоқ. Ол үшін қоғамдық денсаулықты қорғау департаменті жауапты. Сонымен қатар, департамент жекеменшік және мемлекеттік ауруханаларда халыққа көмектің қалай көрсетілетінін бақылауы тиіс.

Денсаулық сақтау басқармасы алматылықтарға ауруханаларды, медицанлық мекемелерді абайлап таңдауға кеңес береді.
26 қараша 2018 ж. 1 351 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 156

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031