Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Опырылған еденмен бірге құлаған: Тараздағы жарылыс кезінде намаз оқып тұрған қыз аман қалды

Опырылған еденмен бірге құлаған: Тараздағы жарылыс кезінде намаз оқып тұрған қыз аман қалды

Ол Құдайдың құдіретімен аман қалды.
Таразда күні кеше таңғы уақытта тұрғын үйлердің бірінде жарылыс болған еді. Салдарынан 3 адам көз жұмып, тағы алты адам зардап шеккен. Тосыннан болған жарылыс кезінде сол үйдегі пәтерлердің бірінде тұратын қыз таң намазын оқып жатқан екен. Ол Құдайдың құдіретімен аман қалды.
Жарылыс болған кезде намаз оқып жатқан қыздың қалай аман қалғаны туралы журналист Көсемәлі Сәттібайұлы Facebook желісінде жазды. Айтуынша, жарылыс салдарынан пәтердің едені опырылып кеткен кезде, құлшылығын жасап жатқан қыз төменге құлап кеткен. Ол жоғарыдан құлағанына қарамастан ғажайып жағдайда аман қалды. Тек аяғы сынған екен.
«Жарылыс болған көпқабатты үйдегі қираған пәтердің бірін жалға алған қыз үйреншікті әдетімен таң намазын оқып тұрыпты. Күтпеген жерден болған жарылыстың салдарынан пәтерінің едені опырылып, төмен қарай құлағанда намазхан қыз да қирандылармен бірге астыңғы қабатқа құлап түскен. Құдайдың құдіреті, аман қалыпты, тек аяғы сынған», – деп жазды журналист.
Айта кетейік, кеше таңғы сағат 06:21-де Таразда №9 «Мыңбұлақ» ықшам ауданындағы 62-ші үйде жарылыс болып, салдарынан сегіз адам жапа шегіп, оның үшеуі қаза тапқаны анықталды.
Қазіргі таңда, оқиға орнында Елбасының бастамасымен құрылған арнайы зерттеп-зерделеу комиссиясы жұмыс істеп жатыр.
28 ақпан 2019 ж. 1 938 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930