Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жетім балаға сүт берген әйел бұлай боларын ойламаған еді

Жетім балаға сүт берген әйел бұлай боларын ойламаған еді

Жетім бала көше жағалап келе жатты. Қарны аш, шөлдеген, жалаң аяқ… Жағдайы көрген адамға өте аянышты еді.
Бір кезде жүруге әлі қалмай, су сұрап, шөлін баспақ болып, жол жағасындағы бір үйдің есігін қақты. Есікті жас әйел ашты. Бала одан су сұрады. Бірақ әйел үйіне кіріп кетті де, бір стақан сүт алып шықты. Бала сүтті көргенде қатты қуанды. Оны ішіп, күш жинап алды. Осы кезде ол әлемде әлі де мейірімді адамдардың бар екеніне сенді. 
Арадан жылдар өтті. Бала алыс өлкелерде оқып, дәрігер болды. Бір күні оның алдына бір орта жастардағы науқас әйел келді. Жігіт оны жазбай таныды: Иә, бұл баяғы бір стақан сүт берген әйел! Әйел қатты науқастанып қалыпты. Оған жедел түрде ота жасау керек болды. Жігіт бүкіл күшін салып, оған ота жасап, өмірін сақтап қалды. 
Әйел отадан соң есін жиды. Оған медбике отаның бағасы жазылған түбіртек қағазды алып келді. «Бүкіл өмір бойы мұның қарызын төлеп өтетін шығармын…» деп ойлады әйел ішінен. Қағазды алып, өз көздеріне өзі сенбеді: қарызы төленген!!! Қуаныштан жылап жіберді де, қағаздың бұрышына жазылған мына сөздерді оқыды: «Бір стақан сүтпен төленді!».
08 ақпан 2019 ж. 11 996 0

Мәдени мұра

18 сәуір 2024 ж. 72

Жанға жайлы демалыс

18 сәуір 2024 ж. 76

Қалдықсыз болашақ

18 сәуір 2024 ж. 59

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930